Сурет 4-16.
Ангионевротикалық ісіну
75
Көзді қарау педиатр міндетіне жатады.
Дені сау баланың көзі айқын,
мөлдір қабығы мөлдіреген, қарашығы дөңгелек, диаметрі бірдей, склерасы
көкшіл-ақ
түсті.
Жарық
әсер
еткенде
қарашықтары
тарылады.
Кейін
конъюктива
қаралады (4-15 сурет).
ЗАҚЫМДАЛУ СЕМИОТИКАСЫ
Қабақтары
Қабақтардың және көз қуысы айналасының
жұмсақ
тіндердің
ісінуі,
созылмалы
синуситтермен,
аллергиямен,
әсіресе
ангионевротикалық
ісіну дамуымен жалғасатын
балаларда байқалады (4-16 сурет).
Қабақтың орташа дәрежеде ісінуі көкжөтел, қызылша,
инфекциялық
мононуклеоз, гломерулонефрит, көгілдір
реңті қабақ эритемасымен
дерматомиозит кезінде байқалады.
Блефарит себореялы дерматит және стафилококкты этиологиялы тері
аурулары кезінде пайда болады.
Теріскен – шашты фолликуланың немесе
қабақ шетінде орналасқан
май безінің жедел іріңді қабынуы (4-17 сурет).
Халазион – мейбомиев безі айналасындағы
қабақ шеміршегінің
созылмалы өнімді қабынуы
(4-18 сурет).