Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет49/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   315
 
Қарашықтар
Анизокрия
(қарашық диаметрі бірдей емес) жарық тітіркендіргішіне 
солғын реакциясымен бірігуі, түберкулезді менингитке және көру жолы 
бойымен ісіктік зақымдалуға тән. Ми ісігінде қарашықтың тарылуы, 
жоғарғы қабақтың төмен түсуі, энофтальм (Горнер синдромы) болады, 
олар біржақты орналасуы байқалады.
Қарашықтардың кеңеюі 
глаукомаға, атропин мен атропинтәріздес 
қосындылармен 
және 
барбитураттармен 
улану 
көріністеріне 
тән. 
Наркотикалық заттардық артық дозасы қарашықтың қатты тарылуын 
туындатады. 
Қарашықтың 
көлемі 
гипергликемиялық 
және 
гипогликемиялық команың дифференциальдық диагнозында маңызды 
орын алады: біріншісінде қарашық жиі тарылады, екіншісінде кеңейеді. 


 
Көз бұршақ 
Катаракта
– көз бұршақтың толық 
не жартылай бұлыңғырлануы, көздің 
көргіштігін 
соқырлыққа 
дейін 
төмендетеді. Катаракталар туа біткен 
және жүре пайда болған болып бөлінеді. 
Туа біткен катаракта
әр көлемді, 
біржақты немесе екі жақты болады. Туа 
біткен катарактаның себебі жүкті ананың 
қызамықпен немесе токсикоплазмозбен 
ауыруы болуы мүмкін. Көбіне себебі 
белгісіз. 
Жүре пайда болған катаракта
көз 
алмасының 
бойлап 
өткен 
жарақат, 
гипопаратиреоз, 
қантты 
диабет, 
галактоземия кезінде дамиды.
Көз бұршағының шала шығуы
– Марфан синдромының бір көрінісі. 
 
Нұрлы қабық 
Колобомалар – балаларда көз бұршағының және көз тор қабығының 
бұзылыстарымен қосақтала жүретін көз тіндерінің құрылымдық ақауы, 
оның ішінде нұрлы қабық ақауы. Колобомалар тұқым қуалаушы немесе 
құрсақішілік инфекция кезінде пайда болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет