Оқулық «гэотар-медиа»


Кесте1-2.  Эмбрион мен ұрықтың қозғалыс белсенділігі  Уақыты



Pdf көрінісі
бет6/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Кесте1-2. 
Эмбрион мен ұрықтың қозғалыс белсенділігі 
Уақыты 
Қозғалыс белсенділігінің сипаты 
4 апта 
Жүрек соғуы 
8 апта 
Стимуляцияға локальды бұлшық еттің реакциясы
9 апта 
Алақан және табан үсті рефлексогенді болады, сондай-ақ 
ішектің кенет моторикасы байқалады 
13-14 апта Барлық аймақтың стимуляциясына жауабы бірқалыпты 
қозғалыс түрінде байқалады, осы уақытта жүкті әйел алғашқы 
рет ұрық қозғалысын сезеді (айқын қозғалыс 20-ші аптада 
сезіледі); жұту қозғалысы пайда болады 
17 апта 
Ұстау рефлексі 
18 апта 
Тыныс қозғалысы қағанақ сұйықтығының дамып келе жатқан 
өкпеге және одан кері ағуын тудырады
28-29 апта Белсенді еме алады 
Фетальді (ұрықтық) кезең (9-шы аптадан 38-40 аптаға дейін) 
9-шы аптадан бастап жасушалардың саны және көлемі ұлғаяды, ұрық 
белсенді дамиды, ағзалар мен жүйелер тіндерінің қарқынды дамуымен 
құрылымы өзгереді (1-1 сурет).
Ұрықтың қанайналым жүйесі жүктіліктің 8-ші және 12-ші апта 
аралығында толық жетіледі. Қан плацентадан кіндік венасы және веналық 
түтік арқылы бауырға және төменгі қуыс венаға түседі. Оң жақ жүрекшеге 
жетіп, қан ашық овалды терезе арқылы көбіне сол жақ жүрекшеге түседі,



Сурет 1-1.
Ұрық 24 аптада: УЗИ түсірілімі
кейін сол қарыншаға, өрлемелі қолқаға және ми артериясына түседі. 
Фетальді коммуникацияларға байланысты өкпе қанайналымы шектелген. 
Өкпе қызмет атқармайтындықтан, фетальды коммуникациялар қажет. 
Жоғарғы қуыс венасы арқылы қан оң жақ жүрекшеге және қарыншаға 
кайтып келеді, ал өкпе артериясынан артериалдық түтік арқылы 
төмендемелі қолқаға түседі, кейін кіндік артериясы арқылы плацентаға 
қайтады. 
12 аптаға қарай ұрық салмағы 14 г, ұзындығы - 7,5 см болады, жыныс 
белгілері айқындала бастайды, үлкен ми қыртысы анықталады. 
Гестацияның 27-28 аптасына қарай ми нәресте миына ұқсас, бірақ қыртыс 
әлі қызмет атқармайды, өмірлік маңызды қызмет атқаратын бас миының 
бағаны мен жұлын белсенді өседі және миелинденеді. 
12-ші 
аптаға 
қарай 
қантүзілуінің 
мегалобластикалық 
түрі 
нормобласттыққа толық ауысады, перифериялық қанда лейкоциттер пайда 
болады. 20 аптадан 28 аптаға дейін сүйек кеміктік қантүзілуі тұрақталады 
(бауырлық қантүзілуі орнына). Ұрық гемоглобины (Нb), көбіне фетальды 
(НbF), соңғы ұрықтық кезеңде синтезделетін үлкендер Нb-не қарағанда 
(НbA), оттегіне үлкен ұқсастығы бар. 
Тыныс алу жүйесінің морфогенезі гестацияның 4-ші аптасынан 
басталады (1-2 сурет). Басында өкпе қалың арқаулы, тар түтікшелі, 
эпителимен жабылған және саңылауы толтырылған экзокринді без болап 
табылады. 
Эпителиі 
цилиарлыға 
айналады, 
секреторлық 
Клар 
жасушалары, нейроэндокринді жасушалары пайда болады. 16-шы аптадан 
- сілемейлі бездер, шеміршектер, диафрагма қалыптасады. Гестацияның 
16-шы және 26-28 апта аралығында мезенхима өсуінен, эпителийдің өсуі 
басым, өкпе ацинусының құрылымы әрі қарай дамиды, тыныс 
жолдарының терминальді жолдары қалыптасады. Толық жетілген өкпе 
гестацияның 32-ші аптасына қарай қалыптасады. 
Сурфактант – фосфалипидтер, ақуыздар (SP-A, SP-B, SP-C ) және 
көмірсулар эмульсиясы; оларды гестацияның 30 аптасына дейін таба 
бастаймыз. Туғанға дейін өкпе көп көлемді хлоридтерден, калийден,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет