Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет7/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

10 
Сурет 1-2
. Тыныс алу жүйесінің дамуы
натрийден, ақуыздардан құралатын сұйықтыққа толы. Туғаннан кейін 
қалған аздаған өкпе сұйықтығы қан және лимфа капиллярларымен жылдам 
абсорбцияланады. 
Өт шамамен гестацияның 12-ші аптасынан бөліне бастайды, кейін 
асқортушы ферменттер пайда болады. Меконий 16-шы аптаға қарай 
қалыптасады, ол қағанақ сұйықтығымен жұтылған ішектің сыдырылған 
эпителиінен, шек сөлінен және жалпақ эпителий жасушаларынан тұрады.
Иммундық жүйе гестацияның 6-шы аптасынан басталады, бұл жаста 
митогенге жауап пайда болады. 10-шы аптада Т-киллерлер белсенділігі 
анықталады. Құрсақ ішілік дамудың 8-9 аптасында айырша безінің 
лимфоидты жасушалармен инфльтрациялануы басталады, 12-ші аптаға 
қарай без сыртынан жетілген ағза көрінісін береді. Гестацияның 13-ші 
аптасында айналымды В-лимфоциттер анықталады; 20-апталық ұрық 
барлық негізгі иммуноглобулиндер (Ig) класстарын синтездеуге қабілетті. 
Басында IgМ пайда болады, олардың көп мөлшерде болуы құрсақішілік 
инфекция белгісі ретінде қаралады. Жүкті анадан IgG ұрыққа 32-ші аптаға 
дейін ауысуы өте аз, сондықтан жетілмей туған балаларда олардың құрамы 
төмен. 
Зиготаның 
бөлінуі
Эмбрионалды
Фетальды
Сілемейлі бездер
Тыныс жолдарының шеміршектері
Тыныс жолдарының капилярлары


11 
Сурет 1-3
. Аса жетілмей туылған нәресте 
Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының нұсқауы бойынша, өмір сүруге 
қабілетті деп, жүктіліктің 22-ші аптасынан немесе 500 г және одан жоғары 
салмақпен туған нәресте есептеледі (1-3 сурет). 
Жүктіліктің II-триместірінің аяғында ұрықтың салмағы шамамен 1000 
г, бой ұзындығы – 35 см шамасында. Соңғы триместр ұрық салмағының 
айтарлықтай жоғарылауымен, теріасты май-шел қабатының және бұлшық 
ет дамуымен сипатталады. 
Ұрықтық кезеңнің қалыпты ағысының бұзылысы плацента немесе 
кіндік өзегінің инфекциясы, жарақаты немесе радиациялық әсері, 
иммундық бұзылыстары, жүкті әйелдің тиімсіз және жеткіліксіз 
тамақтануы әсерінен дамыған гипоксия болуы мүмкін. Бұл кезеңде 
ұрықтың дамуы плацента жағдайына айтарлықтай тәуелді. Әр-түрлі 
зақымдалуда плацента бактерияларға, вирустарға және басқа инфекциялық 
агенттерге өткізгіштігі жоғарылап, ұрықтың ауыруына немесе уақытынан 
бұрын тууына әкеледі. Осы және басқа патогендік факторлар ұрықтың 
құрсақішілік дамуын тежейді, тіндер сарапталуын және олардың 
функциясының жетілуін тежейді, ағзаларда дистрофиялық және қабыну 
өзгерістерін тудырады. Кальцийдін, темірдін және Ig-нің негізгі көлемі 
ұрыққа жүктіліктің соңғы триместірінде түседі, сондықтан жетілмей туған 
баланың микронутриенттерге қажеттілігі және инфекцияға бейімділігі 
жоғары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет