Сурет 5-34.
Скарлатина.
Ұсақнүктелі бөртпе (Учайкин
В.Ф. Руководство по
инфекционным болезням у детей.
– М., 2001)
Сурет 5-35.
Қызылша. Дақты-
папулезді бөртпе
113
Кесте 5-8.
Балаларда кейбір инфекциялық
ауруларда пайда болатын
бөртпелер ерекшеліктері
Патология түрі
Бөртпе сипаты
Скарлатина
Гиперемияланған фонында ұсақнүктелі бөртпе, орналасуы тері
қатпаларында, шынтақ бүгілісінде, шап тұсында, тізе астында
басымырақ (сурет 5-34)
Қызылша
Терінің өзгеріссіз фонында дақты-папулезды бөртпе, кезеңді (3
күн арасында) жоғарыдан төмен таралады, қайтқанда ақшыл-
қоңыр пигментация және кебектәріздес қабыршақтануға
ауысады (сурет 5-35)
Қызамық
Бөртпе дөңгелек немесе сопақша пішінді боз-қызыл дақтардан
тұрады, бір сәтте пайда болады және бетте, мойында,
сирақтардың жазылғыш беттерінде, бөкседе, арқада орналасады
Желшешек
Макуло-папулезді элементтер пайда болып, біренеше сағатта
везикулаға айналады (сурет 5-36). Кейін везикулалар жарылып
кебеді, құба түсті қабыққа айналады. Бөртпелер сілемей
қабаттарда, бастың шаш бөлігінде, бетте, денеде және
сирақтарда пайда болады
Менингококкты
инфекция
Бөртпе геморрагиялық элементтер түрінде, дұрыс емес пішінді
(жұлдыз тәріздес), 1-2 мм-ден 5-6 см-ге дейін, әр түрлі түсті
(қызғылт-қызыл түстен қоңыр-шие түсіне дейін) (сурет 5-37)
Сурет 5-36.
Желшешек.
Везикулезді бөртпе
Сурет 5-37.
Менингококкцемия.
Беткейлі некрозбен жұлдыз тәрізді
геморрагиялық бөртпе (Учайкин
В.Ф. Руководство по
инфекционным болезням у детей. –
М., 2001)
Достарыңызбен бөлісу: