125
Семіздік біріншілік (экзогенді) және екіншілік болуы мүмкін. Артық
тамақтанудан, жеткіліксіз қозғалыстан өмір сүру және т.б салдарынан
дамитын біріншілік семіздікте тағамның энергетикалық құндылығы
организм
шығындайтын
энергиядан
жоғары.
Екіншілік
семіздік
эндокриндік патологияда (мысалы: гипотиреоз, жыныс бездерінің
функциясы бұзылыстарында, Инценко-Кушинг синдромында, гипофиз
ісігінде және т.б), краниофарингиомада, нервтік булемияда және т.б
дамиды. Семіздік сондай-ақ көптеген тұқым қуалайтын ауруларда (Даун
ауруы,
Прадер-Вилли,
Лоренс-Мун-Барде-Бидл
синдромдарында,
адипозогенитальді дистрофия және т.б) дамиды.
Дене массасының артықшылығы, тіндер тургорының төмендеуі және
тері асты шел қабатының шамадан тыс гидрофильділігі, оның біркелкі
таралмауымен, рациональді тамақтанбау себебінен дамыған дистрофияға
тән (сурет 5-42).
Майдың артық түзілуімен қатар, оның біркелкі таралмауы мүмкін.
Мысалы, Иценко-Кушинг синдромында май бетте (айтәрізді бет), мойында
(«бұлан шоқтығы»), дененің жоғарғы бөлігінде және ішінде кыртысталады
(сурет 5-43).
Достарыңызбен бөлісу: