Оқулық «гэотар-медиа»


БАЛАЛАР ҚАҢҚАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет90/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
БАЛАЛАР ҚАҢҚАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Бас құрылымы 
Туған кезде бас қаңқасы көптеген сүйектерден құралады. Бас күмбезі 
сүйектерінің тігісі (жебе тәріздес, тәждік, шүйде) 3-4 айынан бастап 
жабыла бастайды және 3-5 жаста толық жабылады. 
Нәресте бас сүйегіне тән ерекшелік – еңбектердің болуы (бас сүйегі 
күмбезінің сүйектенбеген жарғақты аймақтары) (6-3 сурет). 
Үлкен еңбек
тәждік және сагитальды тігіс қиылысында орналасқан. 
Сүйектер шеті аралығын өлшегенде оның көлемі - 1,5х2 см-ден 3х3 см-ге 
дейін. Үлкен еңбек әдетте 1-1,5 жаста жабылады. 
Кішкентай еңбек
шүйде мен төбе сүйектері арасында орналасқан. 
Дені сау, жетіліп туған балалардың ¾-інде туған кезде жабық, ал 
қалғандарында 1-2 айының аяғында жабылады.


Сурет 6-3. 
Нәрестенің бас қаңқасы: а - 
бүйірлік кескіні (1 - кіші еңбек, 2 – төбе 
сүйегі, 3 - үлкен еңбек, 4 - тәждік тігіс, 5-
самай сүйегінің қабыршақтық бөлігі, б-
жоғарыдан қараған кескіні (1 - кіші 
еңбек, 2 - сагитальді жік, 3 - шүйде 
сүйегі, 4 - үлкен еңбек, 5 - маңдай сүйегі) 
134 
Бүйір еңбектер
(алдыңғы 
сына тәріздес және артқы емізік 
тәріздес) жетіліп туған балаларда 
жабық. 
Нәрестеде бас сүйегінің ми 
бөлігі бет бөлігінен 8 есе үлкен 
(үлкендерде тек 2 есе). Көз қуысы 
нәрестелерде кең; маңдай сүйегі 
ортасынан бөлінген, қабақ үсті 
доғасы айқындалмаған; маңдай 
қуысы қалыптаспаған. Жақтары 
жетілмеген, 
төменгі 
жағы 
екі 
бөліктен тұрады. 
Өмірінің алғашқы жылында бас 
сүйегі жылдам және біркелкі өседі, 
сүйек қабаты 3 есеге ұлғаяды. 
Өмірінің 1-2 жылында астынғы 
жақтар бірігеді, 2-3-ші жылда бет 
сүйегінің 
өсуі 
жылдамдайды. 
Үштен жетi жасқа дейін көбіне 
бассүйегінің негізі өседі, 7 жаста 
ұзындығының өсуі аяқталады. 7-13 
жаста 
бассүйек 
өсуін 
жалғастырады, бірақ баяу және 
біркелкірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет