Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет92/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   315
136 
Сирақтар
Нәрестелердің сирақтары салыстырмалы қысқа. Келешекте аяқ 
сирақтары жылдамырақ өсіп, қол сирақтарынан ұзын болады.
Балаларда өмірінің алғашқы жылында табаны жалпақ. Тілерсек 
сүйектердің көлденең буынның сызығы тікке жақын (үлкендерде S-
тәріздіес). Табан күмбезі бала тұра және жүре бастағанда және тілерсек 
сүйектің сүйектенуіне қарай біртіндеп қалыптасады. 
Балалардың буынының жас ерекшеліктері 
 
Негізгі сипаттамалары 
• Туу кезіне қарай буын-байламды аппараты анатомиялы 
қалыптасқан.
• Жалғанатьн сүйектер эпифиздері шеміршекпен жабылған. 
• Үлкендерге қарағанда буын байламдары созылыңқы, бірақ берік 
емес (буындардың жартылай таюы мүмкін). 
• Буын бетінің, қабының және байламының қалыптасуы 13-16 жасқа 
қарай толық жетіледі. 
 
Тістер
Балалардың сүт (уақытша) тістері әдетте 5-7 айында, белгілі кезекте, 
бір аттас тістер жақтың оң және сол бөлігінде бір уақытта пайда болады 
(сурет 6-5а). Сүт тістердің шығу реті мынадай: екі төменгі ішкі және екі 
жоғарғы ішкі күрек тістері, кейін екі жоғарғы сыртқы және екі төменгі 
сыртқы күрек (1 жаста – 8 күрек тіс); 12-15 айында – алғашқы уақытша 
моляр тістер (алдыңғы азу), 18-20 айында – ұры тістер, 22-24 айында –
екіншілі уақытша моляр тістер (артқы азу). Сонымен, 2 жаста балада 20 
сүт тіс шығады. Қалыптыда сүт тістер санын есептеу үшін, төмендегі
формуланы қолдануға болады:
X = n – 4, 
n - баланың айлық жасы; X - сүт тістердің саны.
Сүт тістерінің тұрақты тіске ауысуы тістестіру кезеңі деп аталады. 
Тұрақты тістер әдетте сүт тісі түскеннен кейін 3-4 айда шығады. Балаларда 
сүттік және тұрақты тістестірудің қалыптасуы – баланың биологиялық 
даму көрсеткіші (тістік жасы). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет