Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет123/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   315
180 
Кесте 7-3.
Жасына сәйкес тыныс алу жиілігі 
Жасы 
ТАЖ, минутына 
Нәресте 
40-60 
1 жас 
30-35 
5-6 жас 
20-25 
10 жас 
18-20 
Ересектер 
16-18 

1 жасқа дейінгі дені сау балалардағы ТАЖ және ЖЖЖ-нің қарым 
қатынасы - 3-3,5, яғни бір тыныс алуына 3-3,5 жүрек жиырылуы тән, 1 
жастан кейін - 4 жүрек жиырылуы. 
 
Пальпация
Көкіректі пальпациялау үшін зерттеу аймағына екі алақанды
симметриялы қояды. Көкіректі алдынан артқа қарай және бүйірінен қысып 
оның резистентілігін анықтайды (сурет 7-9). Неғұрлым бала жас болса
көкірегі жақсы қысылады. Көкіректің қарсылығы жоғары болса, қатаңдығы 
туралы айтуға болады. 
Дауыс дірілі - пациент дыбыстарды (төменгі жиіліктен) шығарғанда 
пальпация арқылы анықталатын кеуде қуысының резонансты дірілі. Дауыс 
дірілін бағалағанда, алақандар симметриялы орналасады (сурет 7-10). 
Баладан дауыс байламы мен резонанстайтын құрылымының максималды 
дірілін тудыратын сөздерді айтуын өтінеді (мысалы, «тридцать три», 
«сорок четыре» және басқалары). 
Сурет 7-9. 
Көкіректін резистенттігін анықтау; а - алдынан артқа қарай 
қысу, б - бүйірінен қысу 


181 
а 
б 
в 
г 
д 
е 
Сурет 7-10.
Дауыс дірілін кеуде қуысыеың симметриялы аймағынан 
анықтау (а-е).


в 
Сурет 7-11.
Кеуде қуысының әр 
түрлі аймақтарының перкуссиясы 
(а-в) 
182 
Ерте 
жастағы 
баланың 
дауыс 
дірілін айғалағанда не жылығанда 
аңықтауға болады.
Перкуссия 
Өкпе перкуссиясын 
жүргізу 
үшін 
көкіректің 
екі 
бөлігі 
симметриялы болуын қамтамасыз 
етілетіндей баланы дұрыс қалыпта 
тұрғызу керек. Егер бала дұрыс 
тұрмаса, 
симметриялық 
аймақтардан перкуторлық дыбысты 
бірдей 
естілмейді, 
сол 
себепті 
алынған 
мәліметтерді 
қате 
бағалауымыз мүмкін. Арқа жақтан 
перкуссия жасағанда баланың екі 
қолын кеуде тұсына айқастырып, 
сәл 
еңкеюін 
сұраймыз; 
ал 
көкіректің 
алдыңғы 
жағын 
перкуссия кезінде қолдарын дене 
ұзындығы бойымен төмен түсіруін 
сұраймыз. Ерте жастағы баланың 
көкіректің 
алдыңғы 
беткейі 
перкуссиясын 
арқамен 
жатқан 
жағдайда жүргізген дұрыс. Арқа 
жақтан перкурссия кезінде баланы 
отырғызады, кішкентай балаларды 
біреу ұстап тұруы қажет. Егер бала 
әлі басын ұстай алмаса, оны 
горизонталды беткейде қарнына 
жатқызып, немесе сол қолымызға 
алып перкусссия жасауға болады.
Перкуссияның тікелей және 
жанама түрлері бар. 

Тікелей перкуссия – бүгілген 
саусақпен (орта не сұқ) тікелей бала 
денесін 
соққылау. 
Тікелей 
перкуссия көбіне ерте жастағы 
балаларда қолданылады. 
а 
Б 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет