184
Сурет 7-14.
Өкпе ұшының тұру биіктігін анықтау: а - алдынан; б - артынан
Тыныс алудың жоғарғы сатысында өкпелік дыбыс айқындала түседі,
тыныс шыққанда дыбыс қысқарады. Әр аймақта
перкуторлық дыбыс әр
түрлі. Оң жақ төменгі бөлікте бауыр жақын жатқандықтан дыбыс қысқа
естіледі, сол жақта асқазан жақын жатқандықтан дыбыс тимпаникалық
реңкті
(Траубе кеңістігі деп аталады).
Өкпе шекарасын анықтау
•
Өкпе ұштары биіктігінің алдыңғы шекарасы.
Плессиметр-саусақты
соңғы фалангасының ұшын көкірек-бұғана-емізік бұлшық етіне
жанай отырып, бұғана үстіне қоямыз. Плессиметр-саусақ үстінен
перкуссия жасай отырып, тұйық
дыбыс пайда болғанша жоғары
қарай жылжытамыз. Қалыпты жағдайда бұл аймақ бұғананың
ортасынан 2-4 см жоғары орналасады. Шекараны саусақ-
плессиметрдің анық дыбыс естілген қырынан белгілейді (сурет 7-14
а).
•
Өкпе ұштары биіктігінің артқы шекарасы.
Артқы перкуссия
жауырынның жоғарғы қырынан СVII омыртқаның қылқанына қарай
жүргізіледі. Тұйық дыбыс естілісімен перкуссия тоқтатылады.
Қалыпты жағдайда өкпе ұштары биіктігінің артқы жақтан СVII
омыртқасының қылқанына сәйкес келеді. Мектеп алды жасындағы
балаларда өкпенің жоғарғы шекарасын анықтау мүмкін емес, себебі
өкпенің ұшы бұғана артында жатады (сурет 7-14 б).
•
Өкпелердің төменгі шекарасын барлық топографиялық сызықтар
бойымен аңықталады (сурет 7-15). Өкпенің төменгі шекаралары 7-4
кестеде келтірілген.