174
Анатомиялық
құрылым
Анатомды-физиологиялық
ерекшелігі
Клиникалық
салдарлардың болуы
мүмкіндігі
Трахея
Құйғыш тәріздес пішінді. Қанқасы 14-
16 жұмсақ
жартылай сақина тәрізді
шеміршектерден
тұрады,
олардың
арасы фиброзды жарғақпен қосылған
(ересектерде эластикалық тұйықтаушы
пластинаның орнына). Эластикалық
тіннің дамуы жеткіліксіз
Сырттан
оңай
қысылады,
саңылаулы
тарылу, шулы-сырылды
тыныс (стридор)
Бронхты бұтақ
Туу
алдына
дейін
қалыптасқан.
Бронхтар негізі - фиброзды жарғақпен
қосылған
шеміршекті
жартылай
сақиналар.
Трахея оң және сол басты
бронхтарға бөлінеді. Сол жақ басты
бронхқа қарағанда, оң жақ бронхтың
трахеямен құрайтын бұрышы кішірек.
Бронхтардың және бронхиолалардың
шырышты қабаты нәзік, қантамырына
бай,
жұқа
қабатты
кілегеймен
жамылған,
цилиндрлі, тербелмелі көп
қатарлы эпителиймен жамылған, ол
кілегейдің эвакуасияның қамтамасыз
етеді. Нәрестелерде тегіс бұлшық
еттері аз
Сырттан оңай қысалады.
Аспирация кезінде бөгде
дене
көбіне оң жақ
бронхқа
түседі.
Ерте
жастағы
баланың
бұлшық
еті
және
эластикалық
тіні
жетілмегендіктен
бронхтар
спазмы
аз
байқалады;
бронх
обструкциясы шырышты
қабаттың ісінуіне және
тұтқырлы
кілегейдің
түзілуіне байланысты
Өкпе
Ересектердікіндей,
құрылымы
сегментарлы, бірақ ацинустарының
дамуы жеткіліксіз. Дәнекер тінге бай,
қан тамырлары өте көп, эластикалық
тіні толық дамымаған. Үлкендерге
қарағанда,
кішкентай
балаларда
ауалылығы төмен және толық қанды.
Құрамында
лейцитині
аз,
сурфактанттың
жетіспеушілігі
бар
(өкпелері толық жетілмеген)
Обструкцияның
және
ателектаздың
дамуы
оңай. Жетілмей туған
балалардың
өкпесінің
жазылмауының
себебінің
бірі
-
сурфакант
жетіспеушілігі.
175
Анатомиялық
құрылым
Анатомды-физиологиялық
ерекшелігі
Клиникалық
салдарлардың болуы
мүмкіндігі
Көкірек
ортасы
Үлкендерге қарағанда, салыстырмалы
үлкен. Жоғарғы бөлігінде трахея, ірі
бронхтар,
артериялар,
веналар,
жүйкелер
(
n.vagus,
truncus,
sympathicus,
n.laryngeus
reccuregs
және басқалары
), айырша без және
лимфа
түйіндері
жатыр.
Төменгі
бөлігінде - жүрек.
Өкпе түбірі – көкірек ортасын негізгі
бөлігі, ол ірі бронхтардан, қантасушы
және
лимфа тамырларынан, лимфа
түйіндерінен (трахея-маңы, трахея-
бронхты, бронхты-өкпелі және басқа)
құралады. Өкпенің лимфа түйіндері
(басқа аймақтардың лимфа түйіндері
сияқты) кең синусты, қан тамырға бай,
қапшығы әлсіз дамыған, өте көп ірі
жасушалық элементтері бар
Қабыну үрдістері оңай
дамиды
Сурет 7-6.
1,5 жастағы бала (кеуде
қуысы бөшке тәрізде)
Сурет 7-7.
Ерте жастағы (а) және
жасөспірім (б) баланың кеуде
қуысы пішінің сұлбасы
176
Өкпе
Оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, орталық және төменгі),
сол жақ
өкпе екі бөліктен (жоғарғы және төменгі) тұрады. Оң жақ өкпенің орта
бөлігі, сол өкпенің тіл тәріздес бөлігіне сәйкес келеді. Өкпенің бөліктер
арасының шекарасы (кесте 7-2) келесі тәртіпте өтеді:
- сол жақ алдында – жоғарғы бөлігі, оң жақта - жоғарғы және төменгі
бөлігі (олардың аралық шекарасы IV қабырға бойымен өтеді);
- оң жақ бүйірінде үш бөлік анықталады, сол жақта - екі бөлік;
- артқы екі жақтан жоғарғы және төменгі бөлігі орналасады; олардың
аралық шекарасы – жауырын қылқаны сызығынан, оның омыртқамен
қиылысына дейін.
Кесте 7-2.
Өкпе бөліктерінің шекарасы
Өкпе бөліктерінің шекарасы
Алдынан
Артынан
Оң жақ өкпе:
IV қабырға үстінде - жоғарғы бөлік;
IV қабырға астында – орта бөлік;
Сол жақ өкпе: жоғарғы бөлік.
Оң жақ және сол жақ өкпе:
Spina scapulaе
үстінде - жоғарғы бөлік;
Spina scapulae
астында
-
төменгі бөлік.
Оң
жақ өкпе он сегменттен, сол жақ өкпе – тоғыз сегменттен тұрады
(сурет 7-8).
Достарыңызбен бөлісу: