Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет139/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Бронхофонияның күшеюі 
Өкпе тығыздалғанда (пневмония, туберкулез, ателектаз), келетін 
бронх бітелмеген кезде каверна және бронхоэктатикалы қуыстар үстінде 
естіледі. Өкпе тіні тығыздалғанда бронхофонияның күшеюі дауыстың 
жақсы өтуімен, ал қуыстарда – резонанспен негізделеді. 
 
Бронхофонияның төмендеуі 
Жоғарғы иық бұлшық еттері жақсы дамығанда және май-шел қабаты 
қалың болғанда, сонымен қатар плевра қуысында сұйықтық (ылғалды 
плеврит, гидроторакс, гемоторакс) немесе ауа жиналғанда (пневмоторакс)
байқалады. 
 
Ауыру тарихынан фрагменті 
Мұрын тынысы (сақталған, жоқ); тыныс түрі (көкіректік, құрсақтық
аралас). Тыныс жиілігі, тереңдігі, реттілігі, тыныс алу актісіне екі бөлігінің 
қатысуы; ентігу (инспираторлы, экспираторлы, аралас). Жөтел (құрғақ, 
ылғалды өнімді немесе өнімсіз, үрмелі, битональды). Цианоз (айқындығы, 
орны, таралуы). Саусақтар («барабанды таяқшасы»), тырнақ («сағат 
шынысы») деформациясы. 
Кеуде 
қуысынің 
пішіні, 
деформациясы, 
асимметриялығы, 
омыртқаның көкірек бөлігінің қисаюы, бұғана үсті немесе бұғана асты 
шұңқырларының ішке тартылуы немесе томпаюы, олардың тереңдігі мен 
енінің 
айырмашылығы, 
бұғана 
мен 
жауырынның 
орналасуы
эпигастралдық бұрыш. Көкіректің екі бөлігінің тыныс алуға қатысуында 
симметриялылығы. Тыныс реттілігі (ретті, Чейн-Стокс, Биот). ТАЖ.


207 
Тыныс алу мен жүрек жиырылу жиіліктерінің қарым-қатынасы. 
Пальпация: көкірек икемділігі, ауырсынуы, оның орналасуы, қабырға 
аралығы (кеңіген, тарылған), плевра үйкелісін сезу; дауыс дірілі. 
Перкуссия: салыстырмалы – перкуторлық дыбыс өзгерісі, орналасуы, 
топографиялық (өкпе шекаралары, өкпе шеттерінің қозғалғыштығы). 
Омыртқа бойымен перкуссия (Кораньи симптомы). 
Аускультация. Тыныс сипаты (пуэрильді, везикулярлы, бронхиалды 
және т.б.), құрғақ, ылғалды сырылдар (ұсақ-, орта-, ірі көпіршікті), 
сыңғырлаған, сыңғырлаған емес, жөтелден соң тек тыныс алу шыңында 
крепитация; плевра үйкеліс шуы, оның естілу орны, сипаты; бронхофония 
(Д'Эспин симптомы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет