219
- Айқын жүрек жеткіліксіздігінде науқас төсекте бас жағы биік
болғанда өзін жақсы сезінеді, оң бүйірінде жатқанды ұнатады.
- Жүрек жеткіліксіздігі аса айқын болғанда науқас төсектегі жағдайы
жартылай отырады немесе аяғын төмен түсіріп отырады (ортопноэ). Бұл
жағдайда ентігуі бәсеңдейді.
- Жедел тамыр жеткіліксіздігінде науқас әдетте төсекте жатады, бас
жағының аласа болғанын ұнатады және көп қозғалмауға тырысады.
Ентігу
ТЖЖ жиілінуімен (тахипноэ) және көмекші бұлшық
еттердің қатысуымен сипатталады. Жүрек патологиясында ентігу
экспираторлы не аралас болады, науқас жатқанда үдей түседі, отырғанда
бәсеңдейді. Ентігу ұстамалы болуы мүмкін және цианозбен жүреді. Бұл
созылмалы сол қарынша жеткліксіздігінде жиі пайда болады (жүрек
астмасының ұстамасы).
Бозару немесе цианоз
(тері мен сілемейлі қабаттың көгілдір реңі)
шеткері қан ағымының баяулауымен және дененің әртүрлі бөліктерінің
ұсақ қан тамырларында тотықсызданған Нb деңгейінің жоғарылауымен
негізделеді. Цианоз ауыз айналасында (периоралды цианоз), саусақ пен
бақайдың ұштарында, мұрын ұшында және бетте, ерінде, тіл немесе құлақ
ұшында (акроцианоз) болуы мүмкін немесе жайылмалы, тоталды
таралады. Тері және сілемей қабатының түсі ақшыл-көк, көк, шие-қызыл
реңді болуы мүмкін. Цианоз физикалық жүктеме кезінде пайда болуы
немесе тұрақты сақталуы мүмкін.
Тіндердің домбыққандығы немесе ісінуі
– оң жақ қарыншаның
жетіспеушілігінің белгілері. Басында ісіну табандар мен балтырда пайда
болады, кешке қарай өрши түседі, ал таңертең жойылады (азаяды). Ісіну
синдромы арта берсе ісінулер денеде, белде, бетте, жыныс мүшелерінде (ер
балаларда) және дене қуыстарында (ішастарда, плевральдық) пайда болуы
мүмкін. Жүректік ісінулер ауырлық күшінің әсерінен орын ауыстырады
және науқастың жатқан дене бүйірінде анық білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: