Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет202/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

294 
Сарғаю
Әдетте нәрестелерде терінің және шырышты қабаттың сарғаюы қанда 
билирубин концентрациясы 68,4-85,5 мкмоль/л (4-5 мг%), ал 1 жастан 
асқан балаларда концентрациясы 20,5-34,5 мкмоль/л (1,2-2 мг%) жоғары 
болғанда пайда болады. Даму механизмі бойынша сарғаюдың 3 нұсқасы 
айқындалады. 
Кесте 9-4.
Әртүрлі сарғаюлардың ерекшеліктері 
Сарғаю түрі 
Паренхиматозды 
Механикалық 
Гемолитикалық 
Даму 
механизмі 
Бауыр паренхимасы 
зақымдалуында пайда 
болады 
Бауырдан тыс өт 
жолдарының немесе 
жалпы өт түтігінің 
бітелуінде дамиды 
Бауырдағы 
метаболизмі 
төмендеуімен 
жүретін көп 
мөлшерде 
байланыспаған 
билирубин 
түзілуінен пайда 
болады 
Дамуға себепті 
патология 
Әртүрлі этиологиялы 
гепатиттер, цирроз, 
обыр және т.б. 
Өт жолдарының 
атрезиясы, өттің 
қоюлануы, таспен 
бітелу, ісікпен 
немесе ұлғайған 
лимфа түйіндерімен 
қысылуы 
Гемолитикалық 
анемия, бастың 
кернеу ауырсынуы, 
гемоглобинопатиял
ар, гемолитикалық 
улармен улану 
Тері түсінің 
реңкі 
Лимон түсті немесе 
қызғылт 
Жасылдау немесе 
сұр-жасыл 
Ақшыл-лимон түсті 
Нәжіс 
Мезгіл-мезгіл түссіз 
Түссіз
Қоңыр 
Зәр
Қоңыр
Сары
Қоңыр
Гипербилируби
немия
Тік, жанама 
Тік
Жанама
Зәрдегі 
билирубин 



Зәрдегі 
уробилин 



Нәжістегі 
стеркобилин 





295 
Нәрестелер физиологиялық конъюгациялық сарғаю өмірінің 2-ші 
тәулігінде дамиды, 4-5 тәулікте максимальды білінеді және 7-10 тәулікте 
әдетте жойылады. Шала туған нәрестелерде физиологиялық сарғаюдың 
ұзақтығы 

аптаға 
дейін 
созылады. 
Оның 
дамуы 
бауырдың 
глюкуронилтрансферазалық 
жүйенің 
жасына 
сай 
жетілмеуімен 
байланысты. Глюкуронилтрансфераза белсенділігінің жеткіліксіздігінен 
жанама билирубиннің барлығы тік билирубинге айналмайды, сондықтан 
ол 
қанда 
жинақталады. 
Сонымен 
қатар 
нәрестелерде 
сарғаю 
глюкуронилтрансферазаның тұқым қуалайтын жеткіліксіздігімен (Криглер 
– Найяр синдромы), өт жолдарының атрезиясымен, фетальды гепатитпен, 
өттің қоюлану синдромымен байланысты болуы мүмкін. 
Балаларда, басым өмірінің алғашықы 5 жылында, жиі экзогендік 
сарғаю байқалады, ол пигменті бар тағамдарды (сәбіз, асқабақ, апельсин
мандарин, құрма және т.б.) немесе дәрілік заттар көп қолданумен 
байланысты. Бұл кезде аққабықтың сары түске боялуы болмайды, нәжістің 
түсі өзгермейді, қандағы билирубин концентрациясы жоғарыламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет