Оқулық «гэотар-медиа»


Зерттеу әдістері және зақымдалу семиотикасы



Pdf көрінісі
бет259/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Зерттеу әдістері және зақымдалу семиотикасы. 
Гипоталамо- гипофизарлық жүйенің бұзылысын анықтау үшін дене 
ұзындығы мен массасын, олардың өсу динамикасын, тіндердін нәрленуін, 
май шел қабатының дамуын, таралуын, сүйектік жасты, екіншілік 
жыныстық белгілердің уақытылы пайда болуын, жүке жүйелік жағдайды 
анықтау қажет. Онан басқа, диурездің мөлшерін, зәрдің тығыздығын, 
калий және натрий иондарының концентрациясын, қан мен зәрдің 
осмолярлығын өлшеу қажет. 
Гипофиз жағдайын анықтау үшін компьютерлік томография және 
магнитті резонансты томография жасалады. Гипофиз және гипоталамус 
функциясын анықтау үшін бала қанындағы гормондар көлемі зерттеледі. 
Гипопитуиризм 
Гипопитуиризм- бір (кардиалды) не көптеген(пангипопитуитарзим) 
гипофиз гормондарының тапшылығы. Гипопитуиризм гипофиз не 
гипоталамус ауруларында пайда болады. Балалар гипотуиатаризмнің 
себептері ОНЖ даму анатомиясы, гипоталамус не гипофиз ісігі , ми 
жарақаты, түрік ершігінің “бос” синдромы, гидроцефалия, инфекциялар, 
аутоиммунды гипофизит, тамыр тромбозы, қансырау, грануламатоз, 
ятрогендік факторлар (сәулелік терапияның асқынуы және т.б) болуы 
мүмкін. 


379 
Парциалды гипопитуиризм троптық гормондардың бірі жетіспегенде 
пайда болады. 
Шеткі эндокриндік бездерге әсер етуші гормондардың жетіспеушілігі, 
олардың функция бұзылысын тудырады: ТТГ дефициті – екіншілік 
гипотиреоздың себебі, гонадотропты гормон дефициті – екіншілік 
гипогонадизм себебі, АКТГ дефициті – екіншілік бүйрекүсті безінің 
жетіспеушілігінің және гипопигментация себебі. СТГ дефициті балаларда 
бой өсуінің тежелуіне және аштық гипогликемиясын тудырады
үлкендерде ауыз және көз айналысының әжімденуін, қарын тұсының 
майлануын және бұлшық ет массасының төмендеуін тудырады. Пролактин 
тапшылығы лактация бұзылысымен сипатталады. 
Пангипопитуитаризм гипофизарлық какехсия (Симмондс ауруы) 
түрінде, 
жалпы 
арықтаумен, 
тері 
және 
оның 
қосалқыларының 
дистрофиясымен, тістердің бұзылуымен, түсуімен, шаш түсуімен, бұлшық 
ет және ішкі ағзалар атрофиясымен, гипотермиямен, гипотензиямен, 
гипогликемиямен білінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет