Оқулық «гэотар-медиа»


Зерттеу әдістері және зақымдалу семиотикасы



Pdf көрінісі
бет278/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   315
Зерттеу әдістері және зақымдалу семиотикасы. 
Баланы қарағанда бойына, май-шел қабатының таралымына, дене 
пропорциясыын, бұлшықетіне, түктелуіне көңіл аударамыз. Екіншілік 
жыныстық жетілу белгілерінің айқындылығы бағаланады: қыз балаларда – 
сүт безінің дамуы, қаса түктелуі, қолтық астының түктелуі, менструалдық 
циклдің тұрақтануы, ал ер балаларда – қаса, қолтықасты және беттің 
түктенуі, қалқанша шеміршегінің өсуі, дауыс тембрінің өзгерісі.
Таннер бойынша жыныстық жетілу кезеңдері анықталады: 
Ер балалардағы жыныстық жетілудің кезеңдері: 
I кезең. Жыныстық мүшесі, аталық безі, ұмасы балаларға тән. 
Жыныстық түктенуі жоқ. 
II кезең. Аталық безі мен ұмасы ұлғайған; жыныстық мүшесі 
ұлғаймаған. Ұма терісі салбыраңқы, қызғылт түсті. Сирек, ұзын, әлсіз 
пигменттелген түктің өсуі;түктері жазық, бірен-сран ғана бұйраланған, 
көбіне жыныстық мүшесінің негізінде. 
III кезең. Аталық ұрықтың және ұманың ары қарай дамуы, жыныстық 
мүшенің 
ұлғаюы. 
Түктері 
қоңырланады, 
ірі 
талшықты, 
көбірек 
бұйраланады; түктің өсу шекарасы қасасына қарай таралады. 
IV кезең. Аталық без бен ұма ұлғая түседі; жыныстық мүшенің 
көлденеңі ұлғаяды(диаметрі). Жыныстық түктену ерлер типті, санның ішкі 
жағына тарамаған. 
V кезең. Сыртқы жыныстық ағзалары қалпы және көлемі бойынша 
үлкендердікіндей. Жыныстық түктену санның ішкі жағына тараған. 
 
 
 


401 
Қыздардың жыныстық жетілу кезеңдері: 
I кезең. Сүт бездері дамымаған, емшек ұшы көтеріңкі. Қасақ үсті 
түктенуі жоқ. 
II кезең. Сүт безінің «бүйін» көлеміне дейін өсуі, түктенудің 
басталуы(ұзын, сирек, әлсіз пигменттелген түктер; түктер жазыңқы, бірен-
сараны ғана бұйраланған, жыныстық ернеу бойында орналасқан). 
III кезең. Сүт безінің әрі қарай ұлғаюы және ареоласының контуры 
бөлінбеген. Түктері қоңырланады, ірі талшықты, бұйраланған, қасаға 
жайылған, қолтықасты түктене бастайды. 
IV кезең. Сүт безінің контуры үстінен ареоланың және емшек 
ұшының шығыңқы болуынан екіншілік бұдыр пайда болуы. Қасақ түктенуі 
әйел жыныс типті, бірақ бұтарасына және санның ішкі аймағына 
жайылмаған. Безеу пайда болады. Менархе. 
V кезең. Сүт безі үлкен әйелдердікіндей; ареоласы сүт безінің 
контурымен тұтасқан. Түктенуі санның ішкі бетіне жайылған. Етеккірі 
ретті. 
Жыныстық 
ағзаларын 
қарағанда, 
олардың 
құрылысының 
толыққандылығына көңіл аударамыз. Ер балаларда гипоназия (зәр шығару 
каналының төменгі іргесінің саңылауы) , эписпадия(зәр шығару 
каналының 
жоғарғы 
іргесінің 
саңылауы) 

жыныстық 
мүшенің 
гипоплазиясы(микропенис) 
сияқты 
аномалияларды 
табуға 
болады. 
Пальпациялағанда ербалалардың ұмасында аталық бездерін, оның көлемін 
және консистенциясын анықтайды. 
Қыз балаларда шүрті гипертрофиясы, үлкен және кіші ернеулердің 
бірігуі(синехии), қызперденің тесілмеуі, ернеулердің және қызперде 
аплазиясы сияқты аномалияларды табуға болады. 
Қажетінде кіші жамбас іші ағзаларының ер балаларда аталық безінің 
УДЗ-і 
жасалады. 
Жыныстық 
без 
функциясын 
анықтау 
үшін, 
гонадотропиндердің 
және 
жыныстық 
гормондардың 
қандағы 
концентрациясын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет