Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
88
Бухгалтерлік (баланстық) пайда (accounting earnings) – пайда
мен шығын туралы есеп беруде көрсетілетін кәсіпорын
пайдасы
Бірінші ретті нарық (primary market) – ашық түрде сату үшін
бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдары ұсыныла-
тын нарық
Бюджет тапшылығы (budget deficit) – мемлекеттік шығын-
дардың жалпы табыстардан өсуі
Бюджеттен қаржы бөлу – инвестициялық мақсаттарда бюд-
жеттік тізімге сәйкес бөлінетін әртүрлі деңгейлердегі
бюджеттің қаражаттары. Бюджеттен қаржы бөлудің
қажеттілігі жалпыұлттық мәнге ие салалар мен
өндірістердің бар болуымен объективті түсіндіріледі.
Бюджеттен қаржы бөлу қаржылық және экономикалық
саясаттардың құралы, сонымен қатар ол шаруашылық
конъюнктураға, экономикалық өсуге әсер етіп, қоғам-
дық өндірістің дамуының маңызды факторы
Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері – жобаны жүзеге асыру
нәтижелерінің сәйкес бюджеттің (мемлекеттік және
жергілікті) табыстары мен шығындарына әсерін
көрсетеді
Валюталық бағам (exchange rate) – ұлттық бағамның шетел
бағамына айырбастау жүргізілетін бағам
Валюталық бағамның өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекел
(exchange rate risk) – доллар мен шетел валюталары
арасындағы айырбастау бағамының өзгеруімен байла-
нысты активтерді қайтарудағы белгісіздік
Валютаны таңдау (currency selection) – инвестор инвестиция-
лау үшін валюта таңдап, қаражаттарды активтер ара-
сында орналастыру
Достарыңызбен бөлісу: