Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Акцияның табыстылығы (earning yield) –



Pdf көрінісі
бет27/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Акцияның табыстылығы (earning yield) – акция пайдасының 
оның бағасына қатынасы коэффициенті, Е/Р 
Ақша нарығы (money markets) – салыстырмалы түрде тәуекел 
дәрежесі төмен болып сипатталатын қысқа мерзімді, 
жоғары өтімді қарыздық құралдарды енгізетін нарық 
Ақшалай ағындардың үйлесуі (сash flow matching) – 
компанияның міндеттемелерін орындау үшін қажетті 
тұрақты табыстары, нақты шығындары бар құралдар 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
86 
 
портфелімен қамтамасыз етілетін ақшалай түсімдердің 
үйлесуі 
Ақша-несие саясаты (monetary policy) – ақша ұсынысы мен 
процент мөлшерлемесін реттеу үшін Федералды резер-
втік жүйе басқарушыларының Кеңесімен қолданыла-
тын шаралар 
Андеррайтерлер (underwriters) – бағалы қағаздардың 
орналасуына кепілдік беретін компаниялар. Олар 
бағалы қағаздарды эмитент-компаниядан сатып алады 
және оларды инвесторларға қайта сатады 
Арбитраж (arbitrage) – бірдей бағалы қағаздармен жүргізілетін 
операциялар есебінен тәуекелсіз пайда алу 
Артықшылықты акциялар (preferred stock) – дауыс беру 
құқығы жоқ корпорация акциялры. Олар бойынша 
тұрақты дивидендтер төленеді 
Аукциондық нарық (auction market) – активтерді сатып алу-
сату мақсатында барлық саудагерлердің жиналатын 
нарығы 
Әлеуметтік тиімділік біріншіден, коммерциялық қызметке 
инвестициялау кезіндегі әлеуметтік немесе пайданың 
өсіміне көмектесетін жобаның тиімділігі, екіншіден, 
пайданың генерациялануын қарастырмайтын, кәсіп-
орынның ішінде және одан тыс бағытталған әлеуметтік 
мақсаттарға бағытталған жобаның тиімділігі. Осы 
жағдайда кәсіпорынның қызметкерлері үшін түрлі 
артықшылықтарды құру, қосымша жұмыс орындары, 
қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік маңызы бар 
өндірістерді құру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет