Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет9/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
 
2.3 
Қазақстан Республикасындағы 
шетелдік инвестициялар 
Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР аумағындағы кәсіпкерлік 
қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиесілі азаматтық 
құқықтардың, соның ішінде ақша қаражаттардың, бағалы 
қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық құндылықтардың және 
ақпарат нәтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына 
ие мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетел капиталын салу.


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
31 
 
Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі – шетелдік тікелей 
инвестициялар болып табылады. 
Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал 
салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар 
жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды өткізу 
жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу әдісі 
ретінде қарастырылуы мүмкін және шетелдік инвесторлар жаңа 
өндірістерді құруға көмектесуі мүмкін. 
Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік инвесторлар-
дың салған капиталының отандық кәсіпорыннан артықшылығы 
болумен түсіндіріледі. 
Қазақстан экономикасына 1998-2018 жылдар аралығында 300 
млрд долллар көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. 
Шетелдік тікелей инвестициялар трансұлттық компаниялар, 
халықаралық институттар, шетелдік банктер есебінен құрылған.  
Негізгі шетелдік инвесторлар АҚШ, Оңгүстік Корея, 
Жапония,Ұлыбритания, Қытай, Еуропа мемлекеттері болып 
табылады. 
Әлемде 20000-нан астам трансұлттық компания бар. Қазақ-
стан аумағында олардың қызметтері біріккен кәсіпорындардың 
құрылуымен байланысты дамыды.
Әлемдегі 100-ден аса ірі корпорацияның 35-і мұнай және 
осыған ұқсас секторларда жұмыс істейді. Егер осыдан 15-20 
жыл бұрын ірі трансұлттық корпорациялардың барлығы Батыс 
Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінің үлесінде болса, қазір 
едәуір бөлігін Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Бразилия 
елдерінің ірі компаниялары құрайды. Өйткені, бұл елдер транс-
ұлттық корпорциялардың ел экономикасының іргесін кеңей-
тудегі рөліне мән беріп, оларға барынша көмек көрсетуде. 
1. Ең ірі трансұлттық компаниялар – ІІІеврон, Вritish gas, 
Қытай Ұлттық компаниясы,Тексака, Филип Морис болып 
табылады. 
2. Халықаралық қаржы институттары: 
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі; 
2) Азия қайта құру және даму банкі; 
3) Еуропа қайта құру және даму банкі; 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
32 
 
4) Жапонияның Эксим банкі; 
5) Жапонияның халықаралық серіктестік қоры. 
3. ІІІетелдік коммерциялық банктер. 
 
2-сурет. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясы 
 
Мемлекеттік портфельді инвестициялау кезінде олардың иесі 
үшін тек табыс маңызды болады. Ал кәсіпорындарды бақылау 
олардың мүддесіне жатпайды. Қазақстан экономикасына шетел-
ік инвесторларды тарту әлеуметтік-экономикалық дамудағы 
мәселелерді шешуге көмектеседі:
 қазақстандық тауарлар мен технологияларды сыртқы 
нарыққа шығару; 
 әр түрлі салаларда экспорттық әлеуетті кеңейту және 
импорттың орнын басататын өндірісті дамыту
 еңбек күші көп аймақтарға және табиғи ресурстарға бай 
аудандарға капитал құюға көмектесу; 
 жаңа жұмыс орындарын құру және өндірісті ұйымдас-
тырудың алдыңғы қатарлы орындарын шегеру; 
 кәсіпкерлік саладағы өркениетті қатынастардың нәтиже-
сін игеру; 
 өндірістік инфрақұрылымның дамуына көмектесу. 
Шетел инвестициясын тартудың объективті алғышарты 
нарықтық қатынастарға өту халықаралық қатынастардың қам-
тылуын және ұлттық экономиканың әлемдік экономикалық 
Трансұлттық 
компаниялар 
Коммерциялық 
банктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет