Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет6/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
 
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы кәсіпкерлікті 
дамыту және қолдау туралы бағдарламаға сәйкес келесідей 
бағыттарға жұмсалынады: 
 ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өндіру, қайта 
өңдеу, тасымалдау және сақтауға; 
өнеркәсіп тауарларын, оның ішінде халық тұтынатын 
тауарларды өсіруге; 
 ғылыми-техникалық прогресті дамытуға; 
 құрылыс байланыс және көлік салаларын дамытуға; 
 коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету салала-
рын дамытуға жұмсалады. 
Өндірістік емес бағыттағы капитал жұмсалымы бұл білім 
беруге, денсаулық сақтауға, мәдинет және өнер саласын 
дамытуға, қорғаныс және құқық қорғау саласына, тұрғын үй 
құрылысына жұмсалынады. 
Сондай-ақ, капитал жұмсалымы өндірісті пайдалану бағы-
тына қарай келесідей құрылымдарға бөлінеді: 
 салалық;
 техникалық; 
 ұдайы өндірістік. 
Салалық бойынша капитал жұмсалымы халық шаруашы-
лығы салаларына, экономиканың басынқы секторларына, 
сонымен қатар ауыл шаруашылығы кешеніне бағытталады. 
Капитал жұмсалымының техникалық құрылымы құрал-жаб-
дықтарды сатып алу шығындары, құрылыстық-монтаждық жұ-
мыстар және басқа да капитал жұмсалымдары аралығындағы 
қатынасты анықтайды. 
Техникалық құрылымның активті бөлігі неғұрлым көп болса, 
соғұрлым техникалық құрылым тиімді болып есептелінеді. 
Құрал-жабдықтарды сатып алу шығындарын капитал жұмса-
лымының активті бөлігі деп, ал құрылыстық-монтаждық 
жұмыстарды пассивті бөлігі деп аталды.
Капитал жұмсалымынын ұдайы өндірістік құрылымы жаңа 
қорларды құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістік қорларды 
кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жағынан қайта жаб-
дықтауға бағытталған капитал жұмсалымы үлестерінің қатына-


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
21 
 
сын көрсетеді. 
Капитал жұмсалымының тиімділігі күрделі құрылым, қаржы-
ландыру және несиелеумен байланысты тәуекелдік дәрежесін 
сипаттайтын, күрделі жұмысқа жұмсалынған капитал, сондай-ақ 
өтімділік қабілетін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді білдіреді. 
Капитал жұмсалымының тиімділік көрсеткіштері экономика-
ның түрлі секторларына байланысты әр түрлі болып келеді. 
Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық қызметін 
бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін 
қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерін екі түрге бөлуге бола-
ды: 
 абсолюттік тиімділік көрсеткіші; 
 салыстырмалы тиімділік көрсеткіші; 
Абсолюттік тиімділік көрсеткіші – бұл күрделі капитал 
жұмсалымы макро, микродеңгейдегі тиімділік пен шығындар 
аралығындағы шекті қатынаспен сипатталады. Жалпы халық 
шаруашылығындағы капитал жұмсалымының тиімділігін анық-
тау келесі формулада көрсетілген: 
Э
х/ш 
= ∆ҰТ / 
Кж

мұнда: ҰТ – жылдық ұлттық табыс көлемінің өсімі; 
К
ж
– капитал жұмсалымы. 
Жеке сала бойынша капитал жұмсалымының көрсеткіштері 
келесі формуламен анықталады: 
 
Э
к
= ∆ТӨ / К
ж
– А, 
 
мұнда: ∆ТӨ – таза өнімнің жылдық көлемін өсіру; 
А – өндірістік қорлардың амортизациясы. 
Жеке кәсіпорын мен фирмаларда экономикалық тиімділікті 
есептеу формуласы: 
Э
к/о 
= ∆П / К
ж
– А, 
мұнда: ∆П – пайданың өсімі. 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
22 
 
Капитал жұмсалымының салыстырмалы тиімділік көрсеткіш-
ері жұмыс істеп тұрған өндірістің жаңа кұрал-жабдыктарды 
сатып алуымен байланысты. Сондықтан оларды нарықтағы әр 
түрлі бағаларды салыстыру негізінде жұмсалатын ең жоғарғы 
шығындарды анықтау кезінде пайдаланады. 
Салыстырмалы тиімділік көрсеткішін анықтау формуласы: 
Ш + Е
n
х К
ж
mіn, 
мұнда: Е
n
– капитал жұмсалымының салыстырмалы тиімділі-
гінің нормативтік коэффициенті; 
Ш – ағымдағы шығындар. 
 
К
т
+ Т
n
х Ш
ж
тіп, 
 
мұнда: Т
n
– инвестициялық шығындардың қайтарымдылық 
мерзіміндегі нормативтік көрсеткіші. 
Салыстырмалы тиімділік көрсеткішінің формуласы: 
 
К
э
= (С
1
– С
2
) / (К
1
– К
2
), 
 
мұнда: С
1
, С
2
– капитал жұмсалымына дейінгі және капитал 
жұмсалымынан кейінгі өнімнің өзіндік құны; 
К
1
, К
2
– алдынғы және кейінгі капитал жұмсалымының 
көлемі. 
Негізгі капиталды реконструкциялау – бұл өндірісті жетіл 
діру және оның техника-экономикалық деңгейін жоғарылату 
мақсатында негізгі қорлардың барлығын немесе белгілі бір 
бөлігін қайта жаңғырту. 
Негізгі қорларды техникалық жағынан қайта жабдықтау – 
бұл озық техника мен технологияны, автоматизацияны, компью-
теризацияны, модернизацияны енгізу негізінде негізгі қорлар-
дың барлығын немесе белгілі бір бөлігін техникалық деңгейде 
жоғарылату бойынша шаралар жиынтығын білдіреді. 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет