Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
89
Вексельдік несиелеу екі вариантта болуы мүмкін – төлемді
ұзартумен вексельді сату және вексельдік заем. Бірінші
жағдайда банк клиентке вексельді (өзінің эмиссиялаған
немесе сатып алған) оның төлемін ұзартумен белгілі
мерзімге сатады. Екінші жағдайда клиентке белгілен-
ген мерзімде немесе сол мерзімде банкке беру арқылы
клиенттің банкке қайтаратын вексель (қарыз беру
келісім-шарты бойынша) беріледі
Венчурлық қаржыландыру – термині ағылшын
venture
(«тәуекелді бастама») сөзінен туындайды. Венчурлық
қаржыландыру жоғары тәуекелділікпен ерекшеленетін,
бірақ осындай бір жобаға бейімделген кәсіпорынның
құнының маңызды өсіміне уәде беретін инновациялық
жобалардың бастапқы кезеңдері үшін нақты қаражат-
тарды алуды білдіреді
Депозиттік сертификат (Certificate of Deposit – CD) – банктік
мерзімді депозит
Дефолт тәуекелі үшін сыйақы (default premium) – инвес-
торға дефолт тәуекелінің орнын толықтыратын,
уәделенген табысқа қосымша
Әртараптандыру – әр түрлі бағыттар бойынша инвестициялау
Доу теориясы (Dow theory) – қор нарығында бағалардың ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді үдерістерін анықтау
шаралары қабылданатын әдіснама
Екінші ретті нарық (secondary markets) – бұрын шығарылған
бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
нарықтар (биржалық және биржалық емес)
Еуродоллар (Eurodollars) – долларда деноминацияланған
шетел банктеріндегі немесе американдық банктердің
шетел филиалдарындағы депозиттері
Достарыңызбен бөлісу: