Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет154/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   171
Көз алмасының қабықтары.

Көз алмасының үш: сыртқы фиброзды, ортаңғы тамырлы және ішкі торлы қабықтарын ажыратады.


Көз алмасының фирозды қабығы, tunica fibrosa bulbi, қорғаныш қызметін атқарады, ол екі бөліктен: алдыңғы нұрлы және артқы ақ қабықтардан тұрады.
Нұрлы қабық, cornea, фиброзды қабықтың алдыңғы 1/6-ін алатын мөлдір, тамырсыз бөлігі. Оның пішіні алды дөңес, артқы жағы ойыс сағат шынысы сияқты болып келеді. Нұрлы қабықтың негізі дәнекер тін, оның алдыңғы және артқы беттері эпителиймен жабылған. Нұрлы қабықтың ақ қабыққа өтетін жерінің ені 1 мм.-дей болып, жартылай мөлдір сақина түрінде - жиек, limbus, деп аталады.
Ақ қабық, sclera, фиброзды қабықтың артқы 5/6 бөлігін алып жататын, тамырлары мен нервтері жоқ дерлік, тығыз дәнекер тіннен түзілген. Нұрлы қабықпен жанасатын шекарасында, ақ қабықтың ішінде, оның веналық қойнауы, sinus venosus sclera, (Шлемм өзегі) өтеді. Оған көздің алдыңғы камерасынан сулы ылғал келіп құйылады.
Көз алмасының тамырлы қабығы, tunica vasculosa bulbi, тамырлыр және пигменттермен бай жабтықталған қабық. Бұл қабық: нұрлы қабық, кірпікті дене және меншіктк тамырлы қабықтан тұрады.
Нұрлы қабық, iris, тамырлы қабықтың фронталды жазықтықта орналасқан алдыңғы бөлігі. Ол мөлдір қабық арқылы көрініп тұрады және ортасында, қарашық, pupilla, орналасады. Нұрлы қабықтың алдыңғы камера мен мөлдір қабыққа қараған алдыңғы бетін және артқы камера мен көзбұршаққа қараған артқы бетін ажыратады. Артқы беті пигменттерге бай эпителиймен жабылған. Көздің түсі осы пигменттердің мөлшеріне байланысты, қоңыр (“қой көз” ), қара, жасылдау, көк және т.с.с. болып келеді. Нұрлы қабықтың қарашықтық жиегін, margo pupillaris, және кірпіктік жиегін, margo ciliaris, ажыратады. Кірпіктік жиек қырлы байлам, lig. pectinatum iridis, арқылы кірпікті
дене және ақ қабықпен байланысады. Қырлы байлам талшықтарының аралықтарында Фонтан кеңістіктері деп аталатын саңылаулар орналасқан. Нұрлы қабықтың ішінде бірыңғай салалы: дөңгелек бағыттағы қарашықты тарылтатын бұлшықет, m. sphincter pupillae, және тарамдалған (радиарлы) қарашықты кеңейтетін бұлшықет, m. dilatator pupillae, орналасады. Көзге түсетін жарық көбейгенде қарашық тарылады, жарық азайғанда кеңейеді.
Кірпікті дене, corpus сiliare, тамырлы қабықтың ортаңғы қалыңдаған бөлігі, ол нұрлы қабықтың артында, ақ қабық пен мөлдір қабықтың шекарасы аймағында орналасқан. Кірпікті дененің: алдыңғы кірпікті тәж, corona ciliaris, және артқы , кірпікті шеңбер, orbiculus ciliaris, деп аталатын екі бөлігін ажыратады. Кірпікті тәж тамырларға бай,тарамдала (радиарлы) бағытталған 70 шамасындағы кірпікті өсінділерден, processus ciliaris, түзілген. Оларда сулы ылғал, humor aquosus, түзіліеді. Кірпікті тәж бен көзбұршақтың қапшығын кірпікті белдеу, zonula ciliaris, байланыстырып тұрады. Кірпікті шеңбер кірпікті бұлшықеттен, m. ciliaris, түзілген. Кірпікті бұлшықет жиырылған кезде zonula ciliaris, босаңсиды да көзбұршақтың дөңестігі ұлғаяды, ал, кірпікті бұлшықеттің жиырылуы тоқтап, бұрынғы қалпына келген кезде, көзбұршақтың дөңестігі кішірейіп, көздің анық көруі (аккомадациясын) қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет