Көздің қосымша ағзаларына, organa oculi accessoria, бұлшықеттер, шандырлар, қабықтар, конъюнктива және көзжас аппараты жатады.
Көз алмасының бұлшықеттеріне, musculi bulbi, төрт тік (жоғарғы, төменгі, латералды және медиалды), екі қиғаш ( жоғарғы және төменгі) бұлшықеттер жатады.Төменгі қиғаш бұлшықеттен басқалары және жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықет жалпы сіңірлі сақинадан басталады. Жалпы сіңірлі сақина, annulus tendineus communis, көру өзегінің айналасына және ішінара көзұялық жоғарғы саңылаудың жиектеріне бекіп, көру нервісін және көз артериясын қоршап жатады. Тік бұлшықеттер көз алмасының сәйкес жақтарын бойлай алдыға жүріп, экватордың алдында, аққабыққа бекиді. Латералды және медиалдытікбұлшықеттер, mm.rectilateralisetmedialis, көз алмасын вертикалды білік айналасында сыртқа немесе ішке бұрады. .Жоғарғыжәне төменгітікбұлшықеттер, mm.recti superior et inferior, фронталды білік бойынша көз алмасын жоғарғы немесе төмен қозғалтады. Жоғарғықиғашбұлшықеттің,m.obliquussuperior, жіңішке сіңірі шығыршықтық қылқанға бекіген шеміршектік шығыршық арқылы өтіп, латералды бағытта, біршама артқа жүріп, көз алмасының жоғарғы-латералды бөлігіне, экватордың артында бекиді. Бұл бұлшықет көз алмасын (қарашықты) сагитталды білік бойынша төмен және латералды бағытта айналдырады. Төменгіқиғашбұлшықет,m.obliquusinferior,көзұяның төменгі қабырғасынан, көзжас қабы шұңқырының маңайынан басталып, жоғары және латералды жүріп, көз алмасының латералды бетіне, экватордың артында бекиді. Ол көз алмасын жоғары және латералды бағытта қозғалтады. Жоғары қабақты көтеретінбұлшықет, m.levator palpebrae superioris, жоғарғы қабақтың шеміршегіне бекиді. Орталық нерв жүйесінің үйлестіруші қызметіне байланысты, оң және сол жақтағы көз алмалары бір уақытта қозғалады(конвергенция).