Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет71/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   171
Бас бармақтың ұзын жазғышы, m. еxtensor pollicis longus:

  • басталатын жері: ulna (ортаңғы үштен бірі) et membrane interossea antebrachii:

  • бекитін жері: бас бармақтың дисталді бунағының негізі;

  • қызметі: бас бармақты жазу.

Сұқ саусақтың жазғышы, m. extensor indicis:

  • басталатын жері: ulna et membrane interossea antebrachii;

  • бекитін жері: сұқ саусақтың проксималді бунағы;

  • қызметі: сұқ саусақты жазу.

Қол ұші бұлшықеттері
Қол ұші бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:

  1. латералді топ (бас бармақтың, тенардың бұлшықеттері): mm. abductor pollicis brevis, flexor pollicis brevis, opponens pollicis, adductor pollicis;

  2. медиалді топ (шынашақтың, гипотенардың бұлшықеттері): mm. palmaris brevis, abductor digiti minimi, flexor digiti minimi brevis, opponens digiti minimi:

  3. ортаңғы топ: mm. lumbricales (төртеу), interossei palmares (үшеу), interossei dorsales (төртеу).

Барлық қол басы бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) - нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады.



  1. Қол басы бұлшықеттерінің латералді тобы

Бас бармақты әкететін қысқа бұлшықет, m. аbductor pollicis brevis;

  • басталатын жері: retinaculum flexorum et os scaphoideum;

  • бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағының негізі;

  • қызметі: бас бармақты әкету.

Бас бармақтың қысқа бүккіші, m. flexor pollicis brevis;

  • басталатын жері: беткей басы – retinaculum flexorum; терең басы – os trapezoideum;

  • бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағы;

  • қызметі: бас бармақты бүгу.

Бас бармақты қарама-қарсы қоятын бұлшықет, m. oppenens pollicis:

  • басталатын жері: os trapezium;

  • бекитін жері: os metacarpale I;

  • қызметі: бас бармақты шынашаққа қарама-қарсы қою.

Бас бармақты әкелетін бұлшықет, m. adductor pollicis:

  • басталатын жері: көлденең басы – os metacarpale III; қиғаш басы –os capitatum:

  • бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағы;

  • қызметі: бас бармақты әкелу және бүгу.


  1. Қол ұші бұлшықеттерінің медиалді тобы Алақандық қысқа бұлшықет, m. palmaris brevis:

Шынашақты әкететін бұлшықет, m. abductor digiti minimi:

  • басталатын жері:os pisiforme et lig. pisohamatum;

  • бекитін жері: шынашақтың проксималді бунағы;

  • қызметі: шынашақты әкету.

Шынашақтың қысқа бүккіші, m. flexor digiti minimi brevis:

  • басталатын жері:hamulus ossis hamate et retinaculum flexorum;

  • бекитін жері: шынашақтың проксималді бунағы;

  • қызметі: шынашақтың проксималді бунағын бүгу.

Шынашақты қарама-қарсы қоятын бұлшықет, m. opponens digiti minimi:

  • басталатын жері: hamulus ossis hamate et retinaculum flexorum;

  • бекитін жері: os metacarpale V (шынтақтық жиегі);

  • қызметі: шынашақты бас бармаққа қарама-қарсы қою.


  1. Қол басы бұлшықеттерінің ортаңғы тобы Құрттәрізді бұлшықеттер, mm. lumbricales:

  • басталатын жері: tendines m. flexor digitorum profundus;

  • бекитін жері: II-V саусақтардың проксималді бунақтары, сыртқы апоневрозға ауысады;

  • қызметі: II-V саусақтардың проксималді бунақтарын бүгу, ортаңғы және дисталді бунақтарды жазу.

Алақандық сүйекаралық бұлшықеттер, mm. interossei palmares:

  • басталатын жері: біріншісі – os metacarpale II-нің медиалді беті, екінші және үшіншісі

ossa metacarpalia IV және V-тің латералді беті;

  • бекитін жері: II, IV және V саусақтардың проксималді бунақтарының алақандық беті және ортаңғы мен дисталді бунақтардың сыртқы беттері;

  • қызметі: II, IV және V саусақтарды ортаңғыға әкелу; проксималді бунақты бүгу және ортаңғы және дисталді бунақтарды жазу.

Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер, mm.interossei dorsales:

  • басталатын жері: көршілес алақан сүйектерінің бір-біріне қараған беттері;

  • бекитін жері: II-IV саусақтардың проксималді бунақтарының алақандық беті, ортаңғы және дисталді бунақтардың сыртқы беті;

  • қызметі: II және IV саусақтарды ортаңғыдан әкету; II-IV саусақтардың проксималді бунақтарын бүгу және ортаңғы мен дисталді бунақтарды жазу.



ҚОЛДЫҢ ТОПОГРАФИЯСЫ

  1. Иық белдеуінің топографиясы

Қолтық шұңқыры, fossa axillaris, шекаралары:

  • алдында: m.pectoralis major-дың төменгі жиегімен жүретін терілік қатпар;

  • артында: m.latissimus dorsi-дің төменгі жиегімен жүретін терілік қатпар;

  • латералді: иық терісі;

  • медиалді: кеуде торының бүйір бетінің терісі.

Қолтық қуысы, cavitas axillaris, бұлшықеттік қабырғалары:

  • алдыңғы қабырғасы: m.pectoralis major et m.pectoralis minor;

  • артқы қабырғасы: m.teres major et m.subscapularis;

  • медиалді қабырғасы: m.serratus anterior;

  • латералді қабырғасы: m.biceps brachii et m.coracobrachialis;

  • қуыстағы құрылымдар: a.et v.axillaris; plexus brachialis; nodi lymphatici axillaris: mediales, laterales, apicales, inferiores, posteriorеs et centrales.

Үш қабырғалы тесік, foramen trilaterum, шекаралары:

  • жоғарыда: m. subscapularis (алдында) және m.teres minor (артында);

  • төменде: m.teres major;

  • латералді: caput longum m.tricipitis brachii;

  • үш қабырғалы тесік арқылы өтеді:1) a.circumfiexa scapule - a . axillaris-тен шығады; 2) аттас веналар.

Төрт қабырғалы тесік, foramen quadrilaterum, шекаралары:

  • жоғарыда: m.subscapularis (алдында) және m.teres minor (артында);

  • төменде: m.terеs major;

  • медиалді: caput longum m.tricipitis brachii;

  • латералді: humerus;

  • төрт қабырғалы тесік арқылы өтеді:1) a.circumflexa humeri posterior - a.axillaris-тен шығады; 2) аттас веналар; 3) n. axillaris - fasciculus posterior plexus brachialis-тен шығады.

  1. Иықтың және шынтақ аймағының топографиясы

Иықта m.biceps brachii-дің екі жағымен өтеді: sulcus bicipitalis medialis et sulcus bicipitalis lateralis.
Иық-бұлшықеттік өзек (иірмелі өзек, кәрі жілік нервінің өзегі), canalis humeromuscularis (canalis spiralis, canalis nervi radialis) екі тесігі және екі қабырғасы болады:

  1. Жоғарғы (кіреберістік) тесік шектелген:

  • алдында: humerus;

  • артында: caput longum m.tricipitis brachii;

  • медиалді: caput mediale m. tricipitis brachii;

  • латералді: caput laterale m. tricipitis brachii.

  1. Қабырғалары:

  • алдыңғы: humerus (sulcus n. radialis)

  • артқы: m.triceps brachii.

  1. Төменгі (шығаберістік) тесігі (sulcus cubitalis anterior lateralis) шекаралары:

  • латералді: m.brachioradialis;

  • медиалді: m.brachialis;

  • өзектегі құрылымдар: 1) n.radialis - fasciculus posterior plexus brachialis-тен шығады; 2) a.profunda brachii - a. brachialis-тен шығады; 3) аттас веналар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет