Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет79/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   171
ҚАЛҚАНША ШЕМІРШЕК (cartilagо thyroidea) алдынан бір-бірімен, әйелдерде жайпақтау, еркектерде тік бұрыш құрап қосылған оң және сол төртбұрышты табақшалардан (lamina dextra et lamina sinistra) тұрады. Шеміршектің алдыңғы жіегінде жоғарғы (incisura thyroidea superior) және төменгі (incisura thyroidea inferior) қалқанша тіліктері орналасқан. Шеміршектің артқы жиегінен жоғарғы (cornu superius) және төменгі (cornu inferius) мүйіздерді байқауға болады. Табақшалардың сыртқы бетімен қиғаш сызық (linea obligua) өтеді.
ЖҮЗІКТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТІҢ (cartilagо cricoidea) екі бөлігін – алдыңғы доғасын (arcus cartilaginis cricoidea) және артқы, төртбұрыш пішінді табақшасын (lamina cartilaginis cricoidea) айырады.
КӨМЕЙ ҚАҚПАҚШАСЫНЫҢ (cartilagо epiglottica) төменгі, жіңішке ұшы (petioles epiglottidis) қалқанша шеміршектің ішкі төменгі бетімен байланысқан.
ОЖАУТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТІҢ (cartilado arytenoidea) негізін (basis cartilaginis arytenoidea), ұшын (apex cartilaginis arytenoidea) және үш бетін: медиальді (medialis), артқы (posterior), алдыңғы-латералды (anterolateralis) ажыратады. Негізінің алдында дауыс өсіндісі, (processus vocalis), ал бүйір жағында бұлшықеттік өсінді (porcelsus muscularis) орналасқан.
МҮЙІЗШЕТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕК (cartilagо corniculata) ожау-көмей қақпашығы қатпарының артқы бөлігінің ішінде, ожаутәрізді шеміршектің ұшында, мүйізшетәрізді төмпешік (tuberculum corniculatum) түрінде орналасқан.
СЫНАТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТЕ (cartilagо cuneiformis) алдыңғы шеміршектей, оның алдында орналасып, ожау-көмей қақпашығы қатпарының ішінде сынатәрізді төмпешік (tnberculum cuneiformis) түрінде байқалады.
КӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ҚАЛҚАНША-ЖҮЗІКТӘРІЗДІ БУЫН (articulatio crico-thyroidea) үйлесімді буындарға жатады, бұнда фронтальды біліктің бойында қозғалыс мүмкін.
Жұп, жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының бүйір жақтарының буын беттерімен қалқанша шеміршектің төменгі мүйізшелерінің қосылуынан түзілген.
Жүзік-ожаутәрізді буын (articulatio cricoarytenoidea). Буында вертикальды біліктің бойымен қозғалыс болады. Буын жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының буын беттерінің ожаутәрізді шеміршектің негізімен қосылуынан түзілген.
Көмей шеміршектерінде үздікті қосылыстармен бірге үздіксіз қосылыстарда кездеседі. Қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі, қалқанша-тіласты жарғағы (membranо thyrohyoidea) арқылы тіласты сүйегімен байланысқан, жарғақтың ортаңғы және бүйір бөліктерінің қалыңдаған аймақтары, ортаңғы қалқанша-тіласты (lg.thyrohyoidea medianum) және бүйір қалқанша-тіласты (lg.thyrohyoidea lateralis) байламдарына айналады.
Көмей қақпақшасы қалқанша шеміршекпен қалқанша-көмей қақпақшасы байламы (lg.thyroepiglotticum), ал тіласты сүйегімен тіласты-көмей қақпақшасы байламы (lg.hyoepiglotticum) арқылы қосылады.
Жүзіктәрізді шеміршек кеңірдектің бірінші сақинасымен арасында керіле орналасқан жүзік-кеңірдек байламы (lg.cricоtracheale), ал қалқанша шеміршекпен жүзік-қалқанша байламы (lg.cricothyroideum), арқылы қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет