Бассүйекүстібұлшықеті, m.epicranius; оның негізгі бөлігі шүйде-маңдай бұлшықеті, m.occipitofrontalis болып табылады.
басталатын жері: venter occipitalis - linea nuchae superior, ол galea aponeurotica-ға ауысады: venter frontalis - galea aponeurotica-дан басталады;
бекитін жері: қас терісі;
қызметі: қасты көтеру (маңдайлық қарыншасы)
Сыртқықұлақбұлшықеттері
Алдыңғы, жоғарғы және артқы құлақ бұлшықеттері, mm.auricularis anterior, superior et posterior, нашар жетілген, кейбір адамдар ғана құлақ қалқанын қозғалысқа келтіре алады.
- қабақтық бөлігі, pars palpebralis, жоғарғы және төменгі қабақ терілерінің астында жатады;
- көзжастық бөлігі, pars lacrimalis, crista lacrimalis posterior-дан басталады; көзжас қапшығына барып бекиді;
қызметі: pars lacrimalis – көзжас қапшығын кеңейту және оған көзжас сұйықтығының құйылуы; pars palpеbralis – қабақтарды қабыстыру; pars orbitalis – көзұя маңында қатпарлардың түзілуі, көзді сығырайту.
Қастүйдіретінбұлшықет, m.corrugator supercilii:
басталатын жері: pars nasalis ossis frontalis;
бекитін жері: қас терісі;
қызметі: қасты төмен және медиалді жылжыту.
Тәкаппарларбұлшықеті, m.procerus:
басталатын жері: мұрын қырқасы;
бекитін жері: кеңсірікүсті терісі;
қызметі: кеңсірікүсті аймағында терілік қатпарлар түзу.