Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет141/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   171
ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ


Перифериялық нерв жүйесі (systema nervosum periphericum) жұлын, бассүйек нервтерінен және вегетативті нерв жүйесінің перифериялық бөлігінен тұрады. Негізінен нерв жасушаларының өсінділері мен жекелеген нерв түйіндерінен тұрады.
ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІ


Жұлын нервтері (nervi spinales) жұлынның сұр затының афферентті алдыңғы және бүйір бағаналарының нейриттері болып табылатын алдыңғы (қозғалтқыш) түбіршіктері (radices ventrales) мен жұлын нервтерінің афферентті жасушаларының орталық өсінділерінен түзілетін артқы (сезімтал) түбіршіктердің (radices dorsales) сегментті қосылысынан түзіледі. Адамда 31 жұп жұлын нервін ажыратады – 8 мойын (nn.cervicales), 12 кеуде (nn.thoracales), 5 бел (nn.lumbales), 5 сегізкөз (nn.sacrales), 1 құйымшақ (n.coccygeus).
Әр жұлын нерві аралас, құрамында симпатикалық талшықтармен қатар афферентті және эфферентті талшықтар болады, омыртқа бағанасынан foramen intervertebrale арқылы шыққаннан кейін менингиалды, дәнекер, артқы және алдыңғы тармақтарға бөлінеді.
Жұлын нервінің менингиалды тармағы (ramus meningeus) (сезімтал) жұлын нервінің әр бағанасынан шығып, қайтадан омыртқааралық тесік арқылы омыртқа бағанасының қуысына кіріп, жұлынның қатты қабығын, тамырларын, омыртқа өзегінің шелмайын нервтендіреді.
Дәнекер тармақтар (rr.communicantes) ҮІІІ мойын ІІІ бел сегменттерінің аралығында әр жұлын нервінен сегментті түрде шығады. Құрамындағы түйінге дейінгі жұмсақ талшықтар жұлынның сұр затының латералды аралық ядросының алдыңғы түбіршігі құрамында жұлын нервіне барады.
ЖҰЛЫН НЕРВВТЕРІНІҢ АРТҚЫ ТАРМАҚТАРЫ


Жұлын нервтерінің артқы тармақтары (rami posteriores) салыстырмалы жіңішке, сегментті орналасады, аралас, құрамында афферентті және эфферентті талшықтар болады. Буындық және көлденең өсінділердің арасынан артқа бағытталып, сегізкөз аймағында foramina sacralia dorsalia арқылы шығып, шүйденің, мойынның артқы аймағының және арқа аймағының
терісі мен аутохтонды бұлшықеттерін нервтендіреді. Жұлын нервінің әр артқы тармағы медиалды және латералды тармақтарға бөлінеді. Латералдық тармақтардың кейбірінің арнайы атауы бар: шүйде-омыртқа, бастың ұзын және жартылай қылқанды бұлшықеттерін нервтендіретін шүйдеасты нерві (n.suboccipitalis) (C1); шүйде аймағына тармақ беретін үлкен шүйде нерві (n.occipitalis major) (C2); бел және сегізкөз нервтерінің сезімтал талшықтары болып келетін бөксенің жоғарғы (n.gluteus superior) (L3-L5) және ортаңғы нервтері (nn. gluteus medii) (S1-S2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет