|
|
бет | 59/171 | Дата | 18.05.2022 | өлшемі | 0,53 Mb. | | #34912 | түрі | Оқулық |
| Байланысты: (KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВКіші кеуде бұлшықеті, m. pectoralis minor:
басталатын жері: cartilagines costae3-5;
бекитін жері: processus coracoideus scapulae;
қызметі: иық белдеуін төмен түсіру және алға жылжыту; жауырын қозғалмай тұрған кезде – қабырғаларды көтереді.
Бұғанаасты бұлшықеті, m. subclavius:
басталатын жері:cartilago costae1;
бекитін жері: extremitas acromialis claviculae;
қызметі: бұғананы төмен және алға жылжытады.
Алдыңғы тісті бұлшықет, m.serratus anterior:
басталатын жері: corpus costae1-9;
бекитін жері: margo medialis et angulus inferior scapulae;
қызметі: жауырынды айналдырады; жауырын қозғалмай тұрған кезде – қабырғаларды көтереді.
Меншікті кеуде бұлшықеттері
Қабырғааралық сыртқы бұлшықеттер, mm. intercostales externi:
басталатын жері: жоғары орналасқан қабырғаның төменгі жиегі;
бекитін жері: төмен орналасқан қабырғаның жоғарғы жиегі;
қызметі: қабырғаларды көтереді, көкетпен бірге дем алуды қамтамасыз етеді.
Қабырғаларды көтеретін бұлшықеттер, mm. levatores costarum:
басталатын жері: processus transversus C7, T1-11;
бекитін жері: angulus costae1-12 – көршілес қабырғаға (mm. levatores costarum breves), 1- 2 қабырғадан кейін (mm. levatores costarum longi);
қызметі: қабырғаларды көтереді, көкетпен бірге дем алуды қамтамасыз етеді.
Қабырғааралық ішкі бұлшықеттер, mm. intercostales interni:
басталатын жері: төмен орналасқан қабырғаның жоғарғы жиегі;
бекитін жері: жоғары орналасқан қабырғаның төменгі жиегі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|