Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет62/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Іштің ақ сызығы, linea alba - қарама-қарсы орналасқан іштің барлық жалпақ бұлшықеттерінің апоневроздарының бір-бірімен ортаңғы сызықта қиылысуы.
Ол кіндіктен жоғары жалпақтау және жұқалау; кіндіктен төмен – жіңішке және қалыңдау.
Шап өзегі, canalis inguinalis - бұл шап байламының медиалді және ортаңғы бөліктерінің үстінде орналасқан саңылаутәрізді кеңістік. Ер адамдарда шап өзегінде шәует шылбыры, funiculus spermaticus, әйелдерде –жатырдың жұмыр байламы, lig.teres uteri орналасады. Өзектің төрт қабырғасы және екі тесігі бар.

  1. Қабырғасын түзетін құрылымдар:

    • алдыңғы - m.obliquus abdominis апоневрозы;

    • артқы - f.transversalis және ішастар;

    • жоғарғы - m.obliquus internus abdominis et m. transversus abdominis-тің төменгі будалары;

    • төменгі - lig.inguinale.

  2. Сыртқы тесігі (беткей шап сақинасы), annulus inguinalis superficіalis - бұл іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозындағы саңылау. Оны шектеп тұратындар:

  1. Терең шап сақинасы, annulus inguinalis profundus шап байламының латералді және ортаңғы бөлімдерінің арасындағы шекара деңгейінде орналасқан, латералді шап шұңқырына сәйкес келеді, fossa inguinalis lateralis - іштің ішкі қабырғасындағы шап өзегінен шәует шылбырының шығатын жеріне сәйкес келетін ұңғыл.

Бел ұшбұрышын, trigonum lumbale, оны шектейтіндер:

    • төменнен – crista iliaca;

    • медиалді - m.latissimus dorsi жиегі;

    • латералді - m.obliquus abdominis externus жиегі.

Көкет
Көкет, diaphragmа (m.phrenicus) – кеуде және іш қуыстарын бөліп тұратын тақ бұлшықет.
Көкеттің бөлімдері:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет