АРҚА БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
І. Арқаның беткей бұлшықеттері
Қол сүйектеріне бекитін бұлшықеттер:
Трапециятәрізді бұлшықет, : m. trapezius:
басталатын жері: linea nuchae superior, protuberantia occipitalis externa, lig. nuchae; processus spinosus C7-Th1-12, lig. supraspinale.
бекитін жері: extremitas acromialis claviculae, acromion et spina scapulae;
қызметі: жауырынды көтеру (жоғарғы талшықтары); жауырынды түсіру (төменгі талшықтары); жауырынды омыртқа бағанасына жақындату (бір мезгілде жиырылғанда); иық белдеуі қозғалмай тұрғанда бас пен мойынды өз жағына қарай қисайту (бір жағы жиырылғанда); басты шалқайту (екі жағы бірдей жиырылғанда); жауырынды айналдыру.
Арқаның аса жалпақ бұлшықеті, m. latissimus dorsi:
басталатын жері: processus spinosus Th8-12, L1-5; crista sacralis mediana, labium externum cristae iliacae (артқы үштен бірі).
бекитін жері: crista tuberculi minoris humeri;
қызметі: тоқпан жілікті ішке қарай айналдыру; жоғары көтерілген қолды түсіру; қолдар қозғалмай тұрғанда – тұлғаны оларға жақындату.
Жауырынды көтеретін бұлшықет, m. levator scapulae:
басталатын жері: processus transversus C1-4;
бекитін жері: angulus superior scapulae;
қызметі: жауырынды көтеру және оны ортаңғы жазықтыққа әкелу;
жауырын қозғалмай тұрғанда – омыртқа бағанасының мойындық бөлімін өз жағына қисайту.
Үлкен және кіші ромбтәрізді бұлшықеттер, mm. rhomboidei major et minor
басталатын жері: m. rhomboideus minor - lig. nuchae (төменгі бөлігі); processus spinosus C7-Th1; m. rhomboideus major - processus spinosus Th1-4;
бекитін жері: m. rhomboideus minor - margo medialis scapulae (қылқаны деңгейінен жоғары); m. rhomboideus major - margo medialis scapulae(қылқаны деңгейінен төменгі бұрышына дейін).
қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына қарай жылжыту.
Қабырғаларға бекитін бұлшықеттер.
Артқы жоғарғы тісті бұлшықет, m. serratus posterior superior:
басталатын жері: processus spinosus C6-7, Th1-2;
бекитін жері: costae 2-5 (бұрышынан латералді);
қызметі: қабырғаларды көтеру.
Артқы төменгі тісті бұлшықет, m. serratus posterior inferior:
басталатын жері: processus spinosus Th11-12, L1-2;
бекитін жері: costae 11-12 (бұрышынан латералді);
қызметі: қабырғаларды түсіру.
ІІ. Арқаның терең бұлшықеттері
Ұзын бұлшықеттер
Бас пен мойынның қайыс бұлшықеті, m. splenius capitis et cervicis
басталатын жері: lig. nuchae C3-6 деңгейінде; processus spinosus C7-Th1-6;
бекитін жері: m. splenius cervicis - processus transversus C1-3 m. splenius capitis - processus mastoideus et linea nuchae superior;
қызметі: m. splenius capitis – басты өз жағына қарай айналдыру (бір жақты жиырылғанда); басты шалқайту (екі жақты жиырылғанда); m. splenius cervicis – омыртқа бағанасының мойындық бөлігін өз жағына идіру; мойынды жазу (екі жақты жиырылғанда).
Омыртқа бағанасын тіктейтін бұлшықет, m. erector spinae:
а) мықын-қабырға бұлшықеті, m. іlіocostalіs: lumborum, thoracis et cervicis;
б) аса ұзын бұлшықет, m. longіssіmus thoracis, cervicis et capitis;
в) қылқандық бұлшықет, m. spіnalіs thoracis, cervicis et capitis;
жалпы басталатын жері: os sacrum; processus spinosus L1-5; crista iliaca, f. thoracolumbalis ;
қосымша басталатын жері: m. iliocostalis – costae (бұрыштарынан латералді);
m. longіssіmus - processus transversus Th1-12; C5-7; m. spіnalіs - processus spinosus L1-2; Th11-12.
бекитін жері: m. Іlіocostalіs lumborum et thoracis – angulus costae; iliocosta1ls cervicis - processus transversus C4-6; m. longissimus thoracis – processus transversus Тh1-12 et angulus costae 2-12; m. longissimus cervicis - processus transversus C2-5; m. longissimus capitis - processus mastoideus: m.spinalis thoracis - processus spinosus Th2-8; m. spinalis cervicis – processus spinosus C2-7; m. spinalis capitis - protuberantia occipitalis externa;
қызметі: басты қызметі – омыртқа бағанасын жазу; т. iliocostalis lumborum – қабырғаларды түсіреді; М. longissimus capitis – басты шалқайтады (екі жақты жиырылғанда); басты өз жағына қарай иеді (бір жақты жиырылғанда).
Көлденең-қылқандық бұлшықет, m. transversоspinalis:
а) жартылай қылқанды бұлшықет, m.semispinalis: thoracis, cervicis, capitis;
б) көп бөлінген бұлшықет, m.multifidus: lumborum, thoracis et cervicis;
в) айналдыратын бұлшықеттер, mm. rotatorеs: lumborum, thoracis et cervicis;
басталатын жері: processus transversus;
{т. sеmispinalis capitis - os occipitale-ге lineae nuchae superior et inferior арасына); m. multifidus – 2-4 омыртқадан кейін бекиді; mm. rotаtores – көршілес омыртқаға (mm. rotatores breves), 1-2 омыртқадан кейін (тт. rotatores longi) бекінеді;
қызметі: омыртқа бағанасын жазу; бас пен мойынды қарама-қарсы жаққа бұру (бір жақты жиырылғанда); т. sеmispinalis capitis – басты шалқайту (екі жақты жиырылғанда); басты бүйіріне қарай бұру (бір жақты жиырылғанда).
Қысқа бұлшықеттер.
Қылқанаралық бұлшықеттер, mm. interspinales: cervicis, thoracis, lumborum,
көршілес омыртқалардың қылқан өсінділері арасында орналасады;
қызметі: омыртқа бағанасын жазуға қатысады.
Көлденеңаралық бұлшықеттер. тт. intertransvеrsarii, - көршілес омыртқалардың көлденең өсінділерінің ұшын қосады;
қызметі: омыртқа бағанасын бүйіріне қарай қисайту.
Шүйдеастылық бұлшықеттер.
Бастың артқы тік үлкен бұлшықеті, т. rectus capitis posterior major:
басталатын жері: processus spinosus C2 (6 сурет):
бекитін жері: tinea nuchae inferior (латералді бөлігі).
қызметі: басты бұру (бір жақты жиырылғанда); басты шалқайту (екі жақты жиырылғанда).
Бастың артқы тік кіші бұлшықеті, т. rectus capitis posterior minor:
басталатын жері: tuherculum posterius atlantis;
бекитін жері: tinea nuchae inferior (медиалді бөлігі).
қызметі: басты шалқайту.
Бастың жоғарғы қиғаш бұлшықеті, т. obliqиus capitis superior:
басталатын жері: processus transversus atlantis;
бекитін жері: tinea nuchae inferior (латералді бөлігі):
қызметі: басты бұру (бір жақты жиырылғанда): басты шалқайту (екі жақты жиырылғанда).
Бастың төменгі қиғаш бұлшықеті, т. obliqиus capitis inferior:
басталатын жері: processus spinosus C2;
бекитін жері: processus transversus atlantis:
- қызметі: басты бұру.
Арқаның шандырлары
Арқаның беткей шандыры, fascia dorsi superficialis. Теріасты
шелмайының астында орналасады.
Арқаның меншікті шандыры, fascia dorsi propria, арқа бұлшықеттерін қаптайды және екі жапырақшадан тұрады:
I) арқаның меншікті шандырының беткей табақшасы, lamina superficialis f. dorsi propriae беткей бұлшықеттерді жауып жатады: әрбір бұлшықетті қаптап, онымен тығыз бітісіп кетеді;
2) арқаның меншікті шандырының терең табақшасы lamina profunda f. dorsi propriae, m. erector spinae аймағында жақсы білінеді және кеуде-бел шандыры, f.
thoracolumbalis деп аталады; ол арқаның терең бұлшықеттерін жауып жатады және екі табақшасы болады:
а) артқы (беткей) табақшасы processus spinosus vertebrae lumbales et angиlus costae1-12-ге бекінеді;
б) алдыңғы (терең) табақшасы costae12-ге, processus transversus vertebrae lumbales et labium internum cristae iliacae-ге бекінеді; табақшалар m. erector spinae латералді жиегі бойында байланысады да, ол үшін сүйекті-фиброзды қынап түзеді.
Кеуде бұлшықеттері
Қол сүйектеріне бекінетін кеуде бұлшықеттері.
Үлкен кеуде бұлшықеті, m. pectoralis major:
- басталатын жері: а) pars clavicularis - clavicula (медиалді бөлімі); б) pars sternocostalis – manubrium et corpus sterni, cartilagines costae1-5; в) pars abdominalis – іштің тік бұлшықеті қынабының алдыңғы қабырғасы.
-бекитін жері: crista tuberculi majoris humeri;
-қызметі: иықты әкелу және ішке айналдыру; иық буынын бүгу; қол қозғалмай тұрған кезде – қабырғаларды көтеру.
Достарыңызбен бөлісу: |