Экстероцепторлар сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде
және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып -
жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.
2. Интероцепторлар ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және
механикалық әсерлерін қабылдайды.
3. Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде,
шандырларда, байламдарда сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.
2. Аралық (ендірме, ассоциативтік)
нейрон нервтік импульсті сезімтал нейроннан
қозғалтқыш нейронға жеткізеді.
3. Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлы)
нейрон. Бұл нейронның аксондары нерв-
тердің құрамында ағзаларға барады.
Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады.
Рефлекс - организмнің
сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және
шартты болып екіге бөлінеді.
Туа біткен, тұқым қуалаушы рефлекстер
шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар
жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).
Жеке өмір сүру барысында организмнің қоршаған ортамен уақытша байланыстар
түріндегі арақатынасы
шартты рефлекстер арқылы іске асады. Шартты рефлекстер,
жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді.
Бұл рефлекстер арқылы организм өте күрделі қызметтер атқарады.
Рефлекс өтетін жол
рефлекстік доға деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына
сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және
күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі
рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады.
Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін
қарапайым рефлекстік доғаның бірінші жалғануниполярлы