Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет137/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   208
Нерв жүйесі 
 
Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы 
 
Нерв жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі – организмнің сыртқы ортамен 
байланысын қамтамасыз етеді; екіншісі – организмдегі барлық ағзалардың қызметін 
басқарады.
Яғни, нерв жүйесі сыртқы және ішкі ортадан түскен ақпаратты қабылдап, талдап, 
оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді. Осы қызметтері рефлекстер арқылы жүзеге 
асады. Нерв жүйесі барлық ағзалар мен тіндерге таралып организмнің барлық бөліктерін 
байланыстырып тұрады.
Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымдық-қызметтік бірлігі 
нейрон 
(нерв 
жасушасы,нейроцит) 
деп 
аталады. 
Нейронның 
денесі 
және 
өсінділері 
болады.Өсінділерінің 
дендрит
және 
аксон
деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер 


252 
нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның 
денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импульс бір 
нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.
Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш
деп үш түрі ажыратылады.
1.Сезімтал 
(афференттік, рецепторлық)
 нейрон.
Бұл нейрондардың ерекшеліктері – 
олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына 
қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп 
аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал 
нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида 
аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді ( 
ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты 
рецепторлардың үш түрін ажыратады.
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет