Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет194/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   208
Конъюктива

tunica conjunctiva,
шырышты қабықтың бір түрі болып табылады
қабақтардың артқы бетін,көз алмасының мөлдір қабықтан басқа, алдыңғы бөлігін жауып 
жатады. Конъюнктиваның қабақтардан көз алмасына өтетін жерлері 
конъюнктивалық 
жоғарғы 
және 
төменгі күмбездер, fornix conjunctivae superior et inferior,
деп белгіленеді. 
Қабақтардың артында, көз алмасының алдында конъюнктивамен жабылған кеңістік, 
конъюнктивалық қап, saccus conjunctivae,
орналасқан. Көздің медиалды бұрышындағы 
тереңдеу жер - 
көзжастық көл, lacus lacrimalis,
деп аталады. Көзжастық көлдің медиалды 
бөлігінде 
көзжастық 
бүртікті, 
caruncula 
lacrimalis,
латералды 
бөлігінде 
конъюнктиваның 
жартыайлы бүрмесін, plica semilunaris conjunctivae,
ажыратады. Бұл 
бүрме төменгі сатыдағы омыртқалыларда кездесетін үшінші қабақтың (кірпік қағу 
қабағының) қалдығы болып табылады. 
Жоғарғы қабақ пен маңдайдың шекарасында 
қас,
 supercilium,
орналасады. 
Көзжас аппараты

apparatus laсrimalis,
көз жас безінен және көзжас сұйықтығын 
шығаратын жолдардан тұрады. 
Көзжас безі, 
glandula lacrimalis
, көзұяның алдыңгы бөлігінің жоғарғы латералды 
бұрышындағы аттас шұңқырда орналасқан. Оның 10-
15 шығаратын түтікшелері, ductali 
exeretorii,
конъюнктиваның жоғарғы күмбезіне ашылады. Көзжас безі көз алмасын кеуіп 
кетуден сақтайтын және шаңтозаңдар мен бактериялардан қорғайтын мөлдір, түссіз 
сұйықтық - 
көзжасын, lacrima
, бөледі. Көзжас сұйықтығы, қабақтардың артқы жиегі мен 
көз алмасының арасындағы капилярлық саңылау, 
көзжастық жылға, rivus lacrimalis,
арқылы, көздің медиалды бұрышындағы 
көзжастық көлге,
lacus lacrimalis,
келеді. Осы 
жерден жоғарғы және төменгі 
көзжастық бүртікшелердегі, papillae lacrimales,
тесіктер 
арқылы жоғарғы және төменгі 
көзжастық өзекшелерге, canaliculi lacrimales,
өтеді. Бұл 
өзекшелер көзұяның төменгі медиалды бұрышындағы аттас шұңқырда орналасқан 
көзжастық қапқа, saccus lacrimalis,
ашылады. Көзжастық қап төменгі жағында мұрын-
көзжастық өзекте орналасатын 
мұрын-көзжастық
түтікке, ductus nasolacrimalis

жалғасады. Бұл түтік мұрынның төменгі жолына ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет