Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет42/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   208
Көп білікті буындар 
 
Шартәрізді буын

articulatio spheroidea
,
 
дөңес буындық беті шартәрізді болып 
келеді, әдетте буындық беттері инконгруэнтті (буындық басы үлкен, буын ойысы кіші) 
болады. Бұл буында: фронталды білік айналасында – бүгу, жазу; сагитталды білік 
бойынша – әкелу, әкету; вертикалды білікке қатысты – айналдыру және шеңбер 
бойынша – circumductio қозғалыстары мүмкін болады. Шартәрізді буындардағы 
қозғалыстардың ауқымы басқа пішінді буындардан артық болады, себебі олардағы 
буындық беттердің айырмашылығы үлкен, буын қапшығы кең, байламдары аз болып 
келеді. Мысалы, иық буыны арқылы көптеген біліктер (олардың ішінде аталған негізгі 
үш білік ажыратылады) айналасында қимылдар жасалады. 
Тостағантәрізді буын

articulatio cotylica
,
 
шартәрізді буынның бір түрі болып 
табылады, буындық беттерінің көлемдерінің бір-бірінен айырмашылығы аз болады, 
буындық бас буындық ойыстың ішіне жартылай еніп тұрады (иық буынында: буындық 
бас – буындық ойыспен жанасып орналасады), сондықтан бұл буындағы қозғалыс 
көлемі шартәрізді буындармен салыстырғанда шектеулі болады. 
Жалпақ буын

articulatio plana
,
 
бұл буындардағы буындық беттер жалпақ және 
конгруэнтті болып келеді. Оларды үлкен шардың кішкене кесіндісі деп қарастыруға 
болады. Буындық беттерінің айырмашылығы өте аз немесе жоқ, сол себепті бұл 
буындардағы қозғалыс аз көлемде іске асады. Бірақ осындай көптеген жалпақ 


87 
буындарға шектеулі қозғалыстар (омыртқа бағанасындағы буындар) өзара қосылып, 
адам тұлғасының орналасу жағдайын өзгертеді. Сонымен қатар, тілерсек сүйектерінің 
жалпақ буындар арқылы өзара аздап ығысуы нәтижесінде жүрген, секірген кездегі 
шайқалулар мен соққылар әсері азайып, жұмсарады. Білезік сүйектері де әртүрлі 
қозғалыс кезінде осындай қызмет атқарады. 
Қол басындағы және аяқ басындағы жалпақ буындар аталған бөліктердің қызмет 
атқару кезіндегі серпімділігін арттырады, яғни, бір затты ұстағанда немесе түйіскенде 
тығыз жанасуды қамтамасыз етеді. 
Буындарды түзуге қатысатын сүйектердің санына байланысты: қарапайым және 
күрделі буындарды бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет