7.1.- сурет. Матрицалық принтер инелерінің қозғалу принципі
Бастиек көлденең бағытқа жылжиды жəне қадамдары қозғалтқышпен
басқарылады.
Қағазды білік тартып алады, ал қағаз бен принтер бастиегі
арасында бояулы лента орналасады. Принтердің көбісі басып шығаруды
тікелей жəне де кері жүрісте де жасайды. Матрицалық принтерлердің
баспа сапасы басып шығаратын бастиектің ине санымен анықталады: 9, 18
немесе 24.
Осы принтерлер өнеркəсіптік жағдайларда пайдалануға арналған жəне
қалың қағаздардан кəртішкелер, жинақтаушы кітапша жəне
басқа
қағаздарға басып шығаруға мүмкіндігі бар.
Матрицалық принтерлердің айтарлықтай кемшілігі соққы принтерлері
сияқты шулы болады. Қазіргі уақытта матрицалық принтерлердің
таралуы қысқарды.
7.1.2. Бүріккіш принтерлер
Жұмыс істеу принципі бойынша бүріккіш принтерлер матрицалық
принтерлерден айырмашылығы – соққысыз жұмыс істейді, ол
басып
шығарушы бастиек диаметрі миллиметрдің он бөліктерінен тұратын,
жіңішке тұмсықшаның жинағынан тұрады. Осы бастиекте сұйық сиясы
бар резервуар орнатылған, ол тұмсықша арқылы микробөлік ретінде қағаз
материалына басылады. Сияларды сақтау екі құрылмалық шешіммен
қамтамасыз етіледі. Оның бірінде принтер
бастиегі сия резервуарымен
біріктірілген, бұл ретте, сия резервуарын ауыстыру кезінде бастиекпен
бірге ауыстырылады.
246
Басқасы бөлек резервуарын пайдалануды қарастырады, ол капилляр
арқылы бастиекке сияны бөліп отырады.
Бүріккіш принтер негізінде сияны баспаның мынадай
тəсілдерімен қолданады: пьезоэлектрикалық, газды көпіршіктер мен
«Drop-on-Demand»
тəсілі
.
Пьезоэлектрикалық тәсіл кері
пьезоəсерді пайдаланумен
тұмсықшаны
басқаруға
негізделген.
Өздеріңізге
белгілі,
пьезокристалл электр алаңының əсерімен деформацияланады.
Осы тəсілді іске асыру үшін əрбір тұмсықшаға диафрагмаға
байланысқан жалпақ пьезокристалл орнатылған. Баспа кезінде
тұмсықшадағы пьезоэлемент тұмсықшаны бір босатып (7.2, а-
сурет), бір қысып (7.2,
б-
сурет) оны сиямен толтырады. Кері
сығылған сия қайтадан
резервуарға ағып өтеді, ал тұмсықшадан
тамшы сияқты шыққан сиялар қағазда нүкте қалдырады. Осыған
ұқсас құрылғылар негізінде Epson,
Brother компанияларымен
шығарылады.
Бүріккіш принтер бұрыннан бері танымал болғанымен, оны
пайдалану ұзаққа созылмады, оның бүріккіш технологиясы басқа
принтерлерді ойлап табуға негіз болды. Алғашқы жəне
негізгі
патент Canon компаниясына берілген. Hewlett-Packard осы салада
бірқатар патенттерге ие, ол
ThinkJet
көпіршікті технологияны
пайдаланумен, 1985 жылы алғашқы бүріккіш принтерді шығарды.
Лицензияны алмасу жолымен осы екі компания бəсекелестерге жол
бермеді – қазір еуропалық нарықтағы бүріккіш принтерлердің 90
%
осы екі компанияға берілген
Достарыңызбен бөлісу: