■
жерүсті сегменті, жүйені басқару орталығын, ғарыш
аппараттарын (ҒА) ұшыру орталығын, командалық-өлшеу
стансаларын, байланыс жəне шлюзді стансаларды басқару
орталығынан құралады;
■
пайдаланушы
(абоненттік)
сегмент,
дербес
спутникті
терминалдарды көмегімен байланыс жүргізеді;
■
жерүсті байланыс желісі, ол интерфейс арқылы ғарыштық
байланыстың шлюзді стансасымен ұштастырылады.
Ғарыштық сегмент
бірнеше спутникті-ретрансляторларды
ұсынады, олар өзара бірдей белгілі орбиталарда ғарыштық
топтаманы құрайды.
Ғарыштық
байланыс
аппараты:
орталық
процессор,
радиоэлектронды жабдықтар, антенналық жүйелер, кеңістіктегі ҒА
орнын бағыттау мен тұрақтау жүйесі, қозғаттқыш қондырғысы мен
электрқорек жүйесінен тұрады.
Спутникті байланыс жүйесінің өзара бөгеттерінің болмауын
қаматамасы ету мақсатында жиіліктерді пайдалану мен спутникті
ретрансляторды орналасуы Халықаралық радио бойынша кеңес
беру комитеті мен Халықаралық жиіліктерді тіркеу комитетімен
реттеледі. Таңдалған байланыстардың типі, жиілік диапазоны (8.9-
суретті қараңыз) 8.2-кестеде келдтірілген.
Жылжымалы байланыстың спутникті-ретрансляторлар жүйесі
орбитасының параметрлеріне байланысты GEO жүйелерге бөлінеді
(геостационарлық немесе жоғарыорбиталды) — орбита биіктігі 36
мың км, LEO (төмен орбита — шамамен 2 мың км дейін) жəне MEO
(ортажоғарғы орбита — 5 мың. ... 20 мың. км).
Достарыңызбен бөлісу: