олар РСІ шинасы мен басқа типтегі шиналар арасында өзара
байланысты жүзеге асырады. PCI шинасында Bus Mastering принципі
орындалған, ол сыртқы құрылғының деректерді тасымалдау кезінде
шинаны басқаруын (CPU қатысуынсыз) түсіндіреді. Ақпаратты
тасымалдау кезінде
Bus Mastering
қолдайтын құрылғы шинаны
қамтиды жəне басты болады. Бұл
жағдайда орталық процессор
деректерді тасымалдау жүріп жатқанда басқа тапсырмаларды шешу
үшін босайды. Аналық тақталарда РСІ шинасының тактілік жиілігі
жүйелік шинаның тактілік жиілігінің жартысы есебінде есептеледі,
яғни жүйелік шинаның 66 МГц тактілік жиілігі кезінде РСІ шинасы 33
МГц жиілікте жұмыс істейтін болады. PCI шинасы енгізу-шығару
шиналары арасында нақты стандарт болып қалды. 2.8 суретте РСІ
шинасының архитектурасы көрсетілген.
PCI Express өзінің кодтық атауын алды 3GIO (ағылшын тілінен
3-d
Generation I/O)
— РСІ шинасы бағдарламалық үлгісінің негізінде
өнімділік физикалық хаттамасымен қамтамасыз етілетін деректерді
тізбекті тасымалдауын қолданатын компьютерлік шина. Өнімділікті
арттыруға тырысқан кезде деректерді
параллель пайдалану оның
физикалық кеңейтуін білдіретіндігіне байланысты деректерді тізбекті
тасымалдау масштабтау (1х, 2х, 4х, 8х, 16х жəне 32х) қабілетіне ие,
яғни ол жасап шығару кезінде біршама басымырақ.
AGP шинасы
— тек видеожүйе қажеттіліктеріне арналған
тезəрекетті жергілікті енгізу-шығару шинасы. Ол видеоадаптерді (3D-
акселератор) ДК жүйелік жадысымен байланыстырады. AGP шинасы
РСІ шинасы архитектурасының негізінде жасап шығарылған,
сондықтан ол 32-разрядты болып табылады. Бірақ жоғары тактілік
жиіліктерді пайдалану есебінен оның өткізгіштік қабілеттерін
арттырудың қосымша мүмкіндіктері бар. Егер PCI теориялық
өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ететін 33х32 = 1 056 Мбит/с = 132
Мбайт/с стандарт нұсқада PCI 32-разрядты шинасы 33
МГц тактілік
жиілікке ие болса, онда AGP шинасы 66 МГц сигналмен тактіленеді,
сондықтан оның өткізгіштік қабілеті 1x режимде 66х32 = 264 Мбайт/с;
2x режимде эквиваленттік тактілік жиілік 132 Мгц, ал өткізгіштік
қабілет — 528 Мбайт/с; 4x режимде – өткізгіштік қабілет шамамен 1
Гбайт/с құрайды.
USB шинасы
перифериялық құрылғыларды ДК корпусынан тыс
жалғау үшін Compaq, DEC, IBM, Intel, Microsoft компьютерлік жəне
телекоммуникациялық өнеркəсіп көшбасшыларымен жасалған.
USB
техникалық
сипаттамалары
алмасудың
əр
түрлі
жылдамдықтары бар құрылғылардың қосылу мүмкіндігін жобалайды.
42
2.8. Сур. PCI шина архитектурасы
Жоғары алмасу жылдамдығы
(full-speed signaling bit rate)
— 12 Мбит/с,
ал төмен алмасу жылдамдығы
(low-speed signaling bit rate)
— 1,5 Mбит/с.
Төмен жылдамдық режимінде USB шинасын мынадай перифериялық
құрылғылар
қолданады: пернетақталар, тінтуірлер, джойстиктер,
матрицалық
принтерлер,
дигитайзерлер,
сандық
фотокамералар,
қарапайым телефон
желісіне арналған модемдер, мониторды басқаратын
тізбектер. Жоғары жылдамдық режимінде: колонкалар, ISDN-модемдер,
Iomega Zip класс сыртқы тасымалдағыштар, кеңселік АТҚ, лазерлік жəне
бүріккіш принтерлер.
2.0
USB версиясы шинаны өткізу жолағы 20 есе арттырылғанымен
ерекшеленеді, ол IEEE 1394 (FireWire) тікелей бəсекелесіне айналған
видеодеректерді USB бойынша тасымалдауды мүмкін етеді.
43
2.9-сурет. USB шиналарының архитектурасы
USB шинасы
Plug
&
Play
технологиясын сүйемелдейді
.
Перифериялық құрылғыны жалғаған кезде
оның конфигурациялануы
автоматты түрде жүзеге асырылады. Барлық перифериялық
құрылғылар USB жалғағыштармен қамтылуы тиіс жəне ДК-ге USB-хаб
немесе концентратор деп аталатын жеке ақпарат шығарғыш блогы
арқылы жалғана алуы керек, оның көмегімен ДК-ге 127 дейін
перифериялық құрылғыларды жалғауға болады. USB шинасының
архитектурасы 2.9 суретте көрсетілген.
44
ДК-дің шиналарымен (ISA немесе PCI) SCSI шинасы хост-адаптер
арқылы байланысқан
(Host Adapter).
Шинаға жалғанған əрбір құрылғы
өзінің сəйкестендіру номері (ID) болады. SCSI шинасына жалғанған кез
келген құрылғы басқа құрылғымен алмасуға бастамашылық етеді.
2.10
суретте перифериялық
құрылғылардың SCSI шинасы
көмегімен ДК-ге жалғануы көрсетілген. SCSI версиясының кең
диапазоны бар ең көп өткізу қабілетін қамтамасыз ететін ең көп
өткізгіш қабілеті 5 Мбайт/с SCSI I алғашқы версиядан бастап ең көп
өткізу қабілеті 640 Мбайт/с Ultra 640 нұсқасына дейін бар.
IEEE шинасы 1394
(Fire Wire, i-Link) — ол Apple жəне Texas
Instruments фирмаларымен жасап шығарылған жоғары жылдамдықты
жергілікті тізбекті шинаның стандарты. IEEE 1394 шинасы ДК жəне
басқа да электрондық құрылғылар арасында өзара сандық ақпаратпен
алмасуға арналған, əсіресе қатқыл дисктер мен ауди- жəне
бейнеақпараттарды өңдеу құрылғыларын,
сондай-ақ мультимедиялық
қосымшалар жұмысына арналған. Ол S3200 спецификациясында
деректерді 3 200 Мбит/с жылдамдықпен беретін деректерді
тасымалдауға, SCSI сияқты əр түрлі жылдамдықпен деректер бере
алатын бір уақытта бірнеше құрылғылармен жұмыс істеуге қабілетті.
USB сияқты IEEE 1394 шинасы ДК-ді қорек көзінен ажыратпастан
компоненттерді орнату мүмкіндігін қоса алғанда толықтай Plug & Play
технологиясын сүйемелдейді.
IEEE 1394 интерфейсі арқылы компьютерге SCSI-мен жұмыс
істеуге қабілетті кез келген құрылғыларды жалғауға болады. Оларға
қатқыл, оптикалық түрлерін қоса алғандағы дисктердегі барлық
тасымалдағыштар түрлері, CD-ROM, DVD, сандық бейнекамералар,
магниттік таспаға жазу құрылғылары жəне тағы басқа да
перифериялық құрылғылар жатады. Осындай үлкен мүмкіндіктердің
арқасында осы шина компьютерді тұрмыстық
техникамен біріктіру
үшін біршама перспективалы бола түсті.
Достарыңызбен бөлісу: