Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Hardware  (темірден жасалған тауарлар немесе қатқыл  сым), ал бағдарламалық жабдықты -  Software



Pdf көрінісі
бет5/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Hardware 
(темірден жасалған тауарлар немесе қатқыл 
сым), ал бағдарламалық жабдықты - 
Software 
(жұмсақ сым) деп 
атайды. «Қатқыл жəне жұмсақ» деп аударылатын Hardware & 
Software үйлесімі – кəсіптік термин. Ресейде бағдарламалар кəсіптік 
сленгте «софтвер», ал компьютер мен периферия – «темір» деп 
аталады. Ақпараттық технологиялардағы бағдарламалық жəне 
аппараттық құралдардың басымдылығы талқыға салынбайды, 
себебі бағдарламалық жабдықсыз кез келген ең жетілген компьютер 
электрондық тақталар жинағын бейнелейді. 
Ақпараттандырудың техникалық 
құралдары 
компьютерлік 
техника жəне оның перифериялық құрылғыларының жиынтығын – 
ақпаратты, жинау, сақтау жəне қайта өңдеуді қамтамасыз ететін 
Hardware жəне ақпаратты қашықтықтан тасымалдауды жүзеге 
асыратын коммуникациялық техниканы (телефон, телеграф, радио, 
теледидар, спутниктік байланыс, ЭЕМ желілері) білдіреді. 
электрондық-есептеуіш машиналарын ХХ ғ. ортасында пайда 
болуы адамзат тарихындағы ең көрнекті жетістіктерінің бірі болып 
табылады. 
Компьютерлік техниканың жəне ақпараттандырудың басқа да 
техникалық құралдарының үздіксіз дамуы қысқа уақытта ғылыми- 
техникалық прогрессті анықтайтын факторлардың біріне айналды. 
Қазіргі замандағы ғарышты зерттеу, атомдық энергетика, 
экология саласындағы көптеген ірі ғылыми-техникалық жобалар 
ақпараттандырудың техникалық құралдарын пайдаланбастан іске 
асырылмаушы еді. Соңғы он жыл бойы ақпараттандырудың 
заманауи техникалық құралдарына негізделетін ақпараттық 
технологиялар адамзат іскерлігінің əр түрлі салаларына тереңірек 
ену үстінде. 
Бағдарламалық жабдықтың, ақпараттандырудың техникалық 
құралдарының жəне осының негізінде өндірілетін, ғылымды аса 
қажет ететін технологиялардың жетілдірілуінің тығыз өзара 
байланысының бар болуы шүбəсіз. Жаңа бағдарламалық жабдықты 
жасап шығару мінсіз техникалық құралдарды құруды талап етеді,
ол өз алдына ақпараттандырудың техникалық құралдарын өндіруге 
арналған жаңа өнімділігі жоғары жəне үнемді технологиялық 
процестерді жасауды ынталандырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет