Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет14/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

орталық процессор 
— 
CPU (Central Processing 
Unit). 
Үшінші буын ЭЕМ пайда болуы транзисторлардан интегральды 
микросхемаларға өтумен байланысты болды. Олардың тек базалық 
функционалды түйіндері өлшемдері ғана өзгеріп қалған жоқ, 
сонымен қатар процессордың тез жұмыс істеуін арттыруға 
мүмкіншілік пайда болды. Сонымен бірге ЭЕМ ішінде ақпарат 
алмасу жоғары жылдамдығы мен енгізу-шығару құрылғыларының 
баяу жұмыс істеу арасында қарама-қайшылық туындады. Бұл 
мəселенің шешімі орталық процессорды алмасу функциясынан 
жəне оны сыртқы құрылғылардың жұмысын басқарудың арнайы 
электрондық схемаларына беруден табылды. 
21 


Мұндай схемалардың бірнеше атаулары болды: алмасу каналдары, 
енгізу-шығару процессорлары, перифериялық процессорлар, бірақ 
соңғы кездері «сыртқы құрылғы контроллері» немесе «контроллер» 
термині жиі қолданылады. 
Контроллерді арнайы кіріктірілген алмасу бағдарламалары 
бойынша қандай бір сыртқы құрылғының жұмысын басқаратын 
мамандандырылған процессор деп көрсетуге болады. Мысалы 
дискжетектің контроллері (иілгіш магнит дисктердегі тасымалдағыш) 
қондырғының айқындалуын, ақпаратты оқу немесе жазуды 
қамтамасыз етеді. Әрбір операцияның орындалу нəтижелері 
контроллер жадысының ішкі регистрлеріне толтырылады жəне алдағы 
уақытта CPU – орталық процессормен оқылуы мүмкін. Өз кезегінде 
CPU контроллерге орындауға тапсырма береді. Тізбекті ақпарат 
алмасу контроллер жетекшілігімен, CPU қатысуынсыз жүргізілуі 
мүмкін. 
Сыртқы 
құрылғылардың 
осындай 
интеллектуалды 
контроллерлерінің болуы үшінші жəне төртінші буындағы ЭЕМ-нің 
айрықша белгісі болды. Интеллектуалды контроллерлері (К) бар 
ЭЕМ-нің шиналық архитектурасы 2.2-суретте көрсетілген. ЭЕМ-ның 
жеке функционалды түйіндері арасында байланыс үшін ортақ 
магистраль қолданылады — шина, ол үш бөліктен тұрады: ол 
бойынша ақпарат берілетін деректер шинасы; адрес шинасы, оған 
деректер беріледі жəне басқару шиналары, ақпарат алмасу процесін 
реттейді. 
Компьютерлердің кейбір модельдерінде деректер жəне адрес 
шиналары біріктірілген: шинаға алдымен адрес беріледі, содан соң 
деректер. Сигналдар шина бойынша əрбір нақты сəтте шина қандай 
мақсатта қолданылатынын анықтайды. 
2.2
сурет. ЭЕМ шиналық архитектурасы 
22 


ЭЕМ архитектурасының осындай ашықтығы пайдаланушыға 
сыртқы құрылғылардың құрамын таңдауға, яғни компьютерді 
конфигурациялауға мүмкіндік береді. 
Заманауи 
компьютердің 
негізгі 
жəне 
перифериялық 
құрылғыларының функцияларын қарастырамыз (2.3
-сурет
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет