Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет24/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Еврипидтің мифологияға көзқарасы қандай ?

  2. Трагедияларындағы («Медея», «Ипполит», «Ифигения Авлидада» т.б.) әйелдер бейнесі қалай сомдалған ?

  3. Трагедияларды эврипидтік «тұрмыстандыру», трагедиядағы хор мәселелері туралы әңгімелеңіз.

  4. Интрига, кейінгі трагедияларындағы қайғылы қақтығыстардың жоғалу себептері неде ?

  5. Еврипид драматургиясының тілі мен стиліне талдау жасаңыз.

    1. тарау.

Ежелгi аттикалық комедия


Түрлi қызықтармен көрермендi күлкіге кенелту яки өмiрде кездесетiн кейбiр келеңсiз оқиғаларды әжуалау - комедияның негiзгi мақсаты. Өзiнiң озбырлықтарымен шаруаларға азап беретiн байларды, атқамiнерлердi күлкiлi өлеңдермен сықақтау Грекия қыстақтарында жиi кездесiп отыратын күнделiктi оқиға болған. Осы өлеңдердi орындаушы адамдар түрлi жануарлар, құстар және құрт-құмырсқалар бейнесiнде киiнiп, көшелердi аралап жүредi екен. Дионис мерекелерi мұндай дәстүрлердiң кең таралуына мол мүмкiндiктер туғызады. Комедияның алғашқы үлгiлерi әлi белгiлi бiр жүйеге түспеген мiне, осындай қарапайым қыстақ салт- дәстүрлерінен келiп шыққан. Кейiн комедиялар драмалық сайыстар қатарына қосылған соң, күлкiлi өлеңдер мен оқиғалар белгiлi бiр жүйеге түсiрiлiп, жеке драмалық формаға ие болады.
Алдыңғы тарауларда айтқанымыздай, бiздiң заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырлар, жалпы бүкiл Грекия, соның ішінде Афина мемлекетi үшiн өте қарқынды саяси және мәдени даму дәуiрi болған. Бiрақ бұл кезеңде құлиеленушiлiк негiзде құрылған демократиялық қоғамның қайшылықтары, кейбiр әлеуметтiк топтар ортасындағы қарама-қарсылықтар өте шиеленiсiп бара жатқан едi. Алғашқы комедияшы ақындар өздерiнiң шығармаларында осы кемшiлiктердi әшкерелеуге, күлкi және сатира жәрдемiмен оларды жоюға ұмтылады. Сөйтiп, әдебиетте «Ежелгi аттика комедиясы» деп аталатын жеке әдеби бағыт дүниеге келедi. Өткiр саяси шабыт, демократия дұшпандарына қарсы ымырасыздық – ежелгi аттика комедиясының негiзгi ерекшелiгi. Бұл комедия қоғамдық өмiрдiң барлық салаларына – саяси оқиғаларға, ғылыми-философиялық, әдеби, тәрбиелiк және басқа да әрқилы мәселелерге араласқан. Осы жанрда қалам тартқан көптеген ақындардың iшiнен тек үш адамның есiмi ғана бiзге мәлiм. Олар - Кратин, Эвполид және Аристофан. Солардан тек Аристофанның шығармалары ғана сақталып қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет