Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған


Гаргантюа туралы бірінші кітап Тәрбие мәселесі



бет48/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Гаргантюа туралы бірінші кітап Тәрбие мәселесі


Франсуа Рабле Гаргантюа туралы бірінші кітабында осы дәуір гуманистерін қызықтырған тәлім-тәрбие, соғыс және бейбітшілік, болашақ, бақытты қоғам қандай болуы керек деген сияқты маңызды мәселелер төңірегінде ой толғайды.


Утопиялық мемлекеттің королі, алып Грангузье өз ұлы Гаргантюаға жақсы білім мен тәрбие беру мақсатында дін магистрі Тубел Олофернді сарайына шақыртады. «Магистрдің әліппені үйреткендігі соншалықты, - деп баяндайды Рабле - бала оны теріс қарай да жатқа оқитын болды, ол үшін бес жыл үш ай уақыт кетті». Гаргантюа осы дәуір мектебінің негізгі оқулықтары болған латын грамматигі Данаттың (ІV ғасыр) «Фацет» трактатын, епископ Теолоде (X ғасыр) атымен шыққан оқу құралын, Аланның (ХШ ғасыр) «Парабаласын» оқып шығады. Бұған нақ он үш жыл, алты ай, екі аптаны сарп қылады. Магистр Олоферн өлген соң, сарайға басқа
«алжыған шал», магистр Жобелен Бриде шақырылады. Ұлының ақылды болу орнына ақымақтанып бара жатқандығын сезген Грангузье адамды жолдан адастыратын, мазмұнсыз жаттаудан ғана тұратын ескі тәлімді қарғап-сілеп, діни тәрбиешіні сарайдан қуып шығады.
Гаргантюаға мұғалім ретінде гуманист Понократ шақырылады. Ол баланы Париж жастарының тұрмысымен таныстыру мақсатында Францияға алып барады. Одан қайтып келген соң, ескі тәрбиені ұмыттыру үшін баланы бірнеше күн өз еркіне жібереді. Ескі тәрбиеге әдеттенген Гаргантюа таңертең сағат сегіз бен тоғыз ортасында ұйқыдан тұрып, тамақтануға кіріседі. Соңынан шіркеуге барады, үйге келгеннен кейін қолына кітап алғанымен, ойы асханада
болады. Тамақ ішуге келгенде оған қағида да, шектеу де жоқ еді.
Гаргантюаның нақұрыс өмір сүруімен танысып шыққан Понократ енді оны ғылыми негізде қайта тәрбиелеуге кіріседі: Жаңаша күн тәртібін белгілейді. Оны ауыл ғалымдары арасына алып келеді. Баланың қоғамға және білімге деген құштарлығын ояту үшін түрлі әдістерді қолданады. Енді, Гаргантюа ұйқыдан таңғы сағат төртте тұрғызылады. Киіну уақытында «қасиетті» кітаптан бірнеше сүре оқытылады.
Сонымен діни тәрбие шектеледі. Таңғы жуыну уақытында ауа- райымен таныстырылады. Өткен сабақ қайталанған соң, үш сағат жаңа сабақ өтіледі. Гаргантюа демалыс уақытында түрлі ойындар ойнайды. Жуынып болғаннан кейін, ішетін ас та дайын болады. Тамақтану кезінде оның маңызы, келтірілген астың мөлшері мен сипаты туралы қысқаша сұқбат өткізіледі. Есепті үйрену мақсатында карта ойналады. Бұрын Гаргантюа карта ойнаумен уақыт өткізген болса, енді түскі және кешкі астан соң түрлі әдеби сұқбаттар жүргізіледі. Ұйқыға жатар алдында таза ауада Ай мен жұлдыздардың қозғалысы жайында түсінік беріледі. Рухани және дене тәрбиесінің бірге алып барылуы нәтижесінде Гаргантюа салауатты әрі дана адам болып шығады.
Рабленің уытты сыны надандық ордасы болған ескі мектепке, балалардың санасын улайтын құрғақ жаттаудан ғана тұратын ескі оқыту әдістеріне, шіркеу тіліне айналып кеткен көне латын тіліне бағытталады. Гуманист Понократ мұндай келеңсіздіктерге жиіркенішпен қарайды: «Маврлар мен татарлар сүргіндегілерге де, түрмедегілерге де жақсы қарым-қатынас жасайды: Монтегю колледжіндегі бақытсыздарға қарағанда үйіңіздегі иттің жағдайы жақсырақ.. Эх, егер мен Парижде король болғанымда осындай өрескелдіктерге жол бергендігі үшін колледжді де, оның бастығын да, бүкіл жетекшілерін де өртеп жіберген болар едім» дейді[8.32].
Ұлы жазушы орта ғасыр тәлім-тәрбиесі мен діни-аскеттік рухтағы дүниетанымды да жек көрді, оған ол адам өмірімен тығыз байланысты гуманистік ой-пікірлер мен еңбек негізінде қалыптасқан жаңа оқыту жүйесін қарсы қойды. Оның педагогикалық тәліміндегі басты мақсат - балаға жан-жақты білім беру болатын. Бұл Гаргантюаның схоласттар уысынан құтқарылып, табиғат заңдары негізінде еркін тәрбие алып, таңғажайып адам болып жетілуі мысалында айқын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет