311
стилі өзінің ең жоғары дамуы сатысына көтерілді. Классицизм
нығайып бара жатқан және заң негізінде іс жүргізген жеке биліктің
ресми әдеби стилі еді. Жеке билікті орнатушылардің бірі болған
Ришелье әдебиетте қатаң формаларға бағыну керектігі туралы
талап қояды. Ол осы міндетті француз академиясына жүктейді. Бұл
академия тілді де мемлекетке бағындыруы және дербес француз
тілінің сөздігін құрастыруы тиіс болды.
Францияда классицизмнің дамуына себеп болған екінші
жағдай, осы дәуірдің ірі қайраткерлері Декарт пен Гассенди
философиясының әсері еді. Декарттың рационалдық философиясы,
әсіресе Гассендидің материалистік көзқарастары классицизмнің
маңызды белгісіне айналады.
Декарт пікірлері материалистік рухта болғанымен, ол орта
ғасырлық діни ілімнен толық қол үзе алмайды. Осыған қарамастан,ол
діни-схоластиканы жоққа шығарып, ғылымның еркіндігіне
сара жол ашып берді. Декарт өз рационализмінде ақиқатты
тәжірибеден, заттық дүниеден емес, ал ақыл-ойдан, санадан іздеді.
Оның пікірінше «сана – ақиқаттың бірден-бір өлшемі болады».
Классицизм теорияшылары ақыл-ой күшіне қатты сенеді және өз
пікірлерін осыған негіздейді.
Француз классицизмінің алғашқы өкілі ақын
Малерб
(1555-1628) «барлық нәрсе ақыл-ойға негізделуі тиіс, феодалдық
алауыздықтар мемлекеттің саяси істеріне қандай зардаптарын
тигізсе, сол сияқты өнерде де эмоциялы анархия жазушының пікірін
бұзады, шығарманың шынайылығын, композициялық бүтіндігін
жояды», деп қаламгерді ақыл әміріне бағынуға шақырады.
Оның теориясы өкімет саясатына сай келеді, себебі «ақыл әмірі»
жоғарыдан, сарайдан берілетін. Малерб сарай ақыны ретінде өз
одаларында король (Генрих ІV) өкіметі мен саясатын мадақтайды.
Феодалдық бытыраңқылықты сынға алып, адамның ақыл-ой
құдіретіне сеніммен қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: