«Мизантроп» комедиясы
«Мизантроп» (1666) комедиясы - Мольер шығармашылығының
ең биік шыңы және оның әдеби қызметінде басталған өзгерістердің
басы.
Шығарманың бас қаһарманы пәк көңілді Альцест сарай
жұртының арасында рухани азап тартады. Әрқашан жақсылыққа,
326
әділетке ұмтылған бұл жігіт басқан қадамында әділетсіздікке,
жауыздыққа жолығады. Ол табиғатынан адамсүйгіш, мизантропия
– адамгершілік азғындаған дворяндық-ақсүйектік тұрмыс әсерінде
пайда болады. Өйткені ол ұлы идеяларды іске асыру үшін осы
қоғамнан өзіне таяныш таба алмайды. Сондықтан да Альцестің
жүрегінде туған ыза оты шексіз. Ол кейбір жандардан жауыздықтары
үшін жиіркенсе, басқаларды осы жауыздықтармен күреспегені үшін
жек көреді. Дворяндардың өмірі мен әдет-ғұрпы, тәкаппарлығы
Альцестке ұнамайды. Ол формал өнерге де қарсы шығады. Ақсүйек
ақын Оранттың сонетіне байланысты айтқан Альцестің пкірлері
бұған дәлел. Альцест Оранттың жасанды сонетіне терең мазмұндағы
халық жырларын қарсы қояды.
Альцестке жақын тұрғандар - досы Филинт, Селимена және
Арсиналар ақсүйектер тұрмысына үйреніп қалған жандар. Олар
айналасындағылардың бұзықтығын біледі, бірақ олардан қол үзе
алмай, қошаметгөйлік жасайды. Альцестің сын найзасы да алдымен
осындай көнбістікке бағытталады. Альцест ақсүйектік тәрбие
алған Селименаны сүйеді, оны ұлы мақсат үшін күресуге үндейді.
Бірақ оның бұл әрекеттерінен ештеңе шықпайды. Селимена
Альцестің мұндай талаптарын түсінбейді. Альцест жеке өмірінде
де сондай қайшылықтарға ұшырайды. Ақырында ол жалғыз қалып,
«бұзықшылықтар билік құрған тамұқтан» шығып кетеді. Альцестке
сыртынан ғашық болған Элианта болса Филинтке тұрмысқа
шығады.
«Мизантроп» - классицизм әдебиетіндегі «жоғары» комедияның
үздік үлгісі саналады. Өйткені, пьесаның басында мәселенің қойылуы
(насихатгөйлік, соң бүкіл пьеса барысында алдын ала белгіленген
мақсат) қаһарманның әрекеттері арқылы емес, психологиялық
көрініс арқылы беріледі. Бірақ, классицизм комедиясының
формалды астарында реалистік драманың негізгі белгілері
жасырынып жатады. Момын мінезді Филинттің өзі айналасындағы
адамдардан қол үзеді. Альцест болса ымырашылдыққа көнбейді,
азғындаған ақсүйектерге лағнат жаудырады. Қаһарманның рухани
толғаныстары жазушының сол дәуірдегі көңіл-күйіне сай келеді.
Себебі, кертартпа ақсүйектер Мольерге қарсы шабуылдарды
күшейтіп, тіпті оның көзін жоюға бел буған еді. Сондықтан «Дон
Жуанда» ұсынылған демократтық пікірлер мен билік өкілдеріне
бағытталған өткір сатира «Мизантропта» да өз көрінісін тапты.
327
Шығарма жазушының ізгі ниеттерінің дворяндық-ақсүйектік
қоғамда орындалуы мүмкін еместігінен дерек береді.
Достарыңызбен бөлісу: |