323
тұтқындауға келген офицер азғынды «корольдің өзі әшкерелейді»
дейді. Бұл жазушының монархты белгілі дәрежеде қолдағандығының
белгісі болатын.
Мольер «Тартюф» комедиясында орта ғасырдағы феодалдық
зұлматты осы дәуір әлеуметтік өмірі қайшылықтарына байланыста
емес, оның бір жағын, яғни діни зұлымдықты, оның саяси
қуғындау құралы болғандығын көрсетті. Бұл жағдай жазушыны
классицизмге тән абстрактілік пен рационалдық иллюзияға
алып келді. Нәтижесінде негізгі қаһарман характерін бейнелеуде
схемалылыққа ұрынады. Тартюф феодал-ақсүйектердің барлық
бұзықшылықтарын жинақтаған индивидуалданған образ емес, ал
кертартпа ақсүйектік азғындықтың түрлі көріністерін әшкерелеген
образға айналады. Сол себепті «Тартюф» комедиясы классицизм
характерлер комедиясының типтік үлгісі болып табылады.
Тартюфтің екіжүзділігі, Гарпагонның сараңдығы сияқты типтік
мінез. Жазушының назары жалпы адам характерін ашуға емес,
алдын белгіленіп қойылған негізгі қаһарман Тартюф характерінің
бір жағын көрсетуге бағытталған. Бұл классицизм театрының
негізгі белгілерінің бірі еді.
Достарыңызбен бөлісу: