338
оған жаңа мазмұн береді. Монарх пен оған жақын ақсүйектердің
жарамсыз мінездерін сынға алады. Пирр патша, Гермиона, және
Орест образдары арқылы мемлекет мүдделерін ұмытқан, тәкаппар,
өзімшіл, қоғам үшін өте қауіпті
жанға айналған билеушіні
әшкерелеп, жеке биліктің күйзелісін көрсетеді. Жазушы осындай
бұзық жандарға Андромаха образын қарсы қояды. Бұл әйел - өз
баласына мейірімді ана, еріне адал жар, халқын шексіз сүйетін нағыз
отаншыл жан. Шығармадағы өзімшіл ұмтылыстармен әрекет етуші
кейіпкерлердің жеңілісі Андромаханың рухани жеңісін дәлелдейді.
Расин трагедиялары мен Корнель трагедиялары ортасында үлкен
айырмашылықтар бар. Корнель пьесаларындағы қаһармандар көп
қиыншылықтарды
басынан өткізіп, өздерінің сезімдерін жеңіп,
ақырында жеңіске жетеді. Мемлекет алдындағы борыштарын өз
мүдделерінен жоғары қояды.
Расиннің қаһармандары болса, мұндай емес. Оларда ішкі сезім
саяси мәселелерден жоғары тұрады.
Пирр айлакер, батыр жан,
бірақ ол махаббат алдында мемлекет мүдделерін ұмытады. Орест
те Гермиона үшін мемлекетке қиянат жасап,
соңында қандықол
жендетке айналады. Гермиона тек өз сүйіктісін ғана ойлайды,
сүйген адамы оны ұната ма, жоқ па онымен ісі болмайды. Сол үшін
ол Пирдің өліміне себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: