73
қимыл-әрекет, нағыз ойын жоқ болатын. Бұл саладағы ең күрделі іс
– дифирамбтарды атқаруға алғашқы актерды кіргізу болған. Содан
соң, дифирамбтардың әрекет шеңбері кеңейеді, диалогтар ұлғаяды.
Енді актер мен хор арасында сұқбаттасу, яки хор ән айтып тұрғанда
актер сыртқа шығып, сахнадан шетте болып жатқан оқиғалар туралы
хорға жаңа хабарлар айтып келу немесе қажет болған жағдайда
шығарманың мазмұнына қарап, басқа киім киіп келу мүмкіндігі
пайда болады. Дұрыс, актердың ойыны шығармада қазірше өте аз.
Бірақ осыған қарамай, енді ол оқиғаны әрекетке келтіруші шешуші
күшке, хордың мазмұнын түсіндіруші негізгі тұлғаға айналады.
Хор болса, тек лирикалық бөлімдердің ғана орындаушысы болып
қалады.
Әдебиет тарихында қалыптасып қалған дифирамбқа алғашқы
актерды кіргізген өнер қайраткері деп ежелгі гректер
Феспид
деген ақынды атайды. Феспид істерін
жалғастырған ақындар
соңынан бірте-бірте Дионис оқиғаларымен байланысты болған
сюжеттер шеңберінен шығып, грек аңыздарының басқа да түрлі
сюжеттерінен кең түрде пайдалана бастады. Соңынан ақындар адам
өмірімен байланысты болған мәселелерге де қол жеткізеді. Енді
дифирамбтың шешуші бөлімдерінің бірі болған сатирлар хорының
маңыздылығы жойылып, олар шынайы адамдардан құрылған
хорлармен ауыстырылады. Бірақ сатирлардың шабытты ойындарын,
қызықты өлеңдерін сахнадан шығарып тастау нәтижесінде
трагедия мазмұны күрделене түседі. Бұл
жағдай халық арасында,
әсіресе, шаруалар ортасында наразылықтар туғызды. Олар «бұл
шығармалардың Диониске мүлдем қатысы жоқ» деп, тіпті оларды
тамашалаудан да бас тартады. Осы топтардың талаптарына жауап
ретінде драматургияның жаңа түрі, алғашқы «сатиралық драма»
пайда болады. Бұл шығармалардағы хор орындаушылары, әрине
Дионистің қызметшілері-сатирлар болды. Осы жанрдың негізін
салған б.з.б. VI ғасырдың аяғы мен V ғасырдың бастарында өмір
сүрген ақын
Пратин
еді. Бірақ оның отызға жуық «Сатиралық
драмасы» бізге жеткен жоқ. Ескерте кету керек,
сатиралық драма
ешқашан жеке түрде сахнада қойылмаған. Олар үш бөлімнен
тұратын трагедиялық шығармалардың тек соңғы қорытынды
бөлімі ретінде сахнаға шығарылған және трагедиялармен бір тұтас
төрттікті – үш трагедия, бір сатиралық драманы құраған.
Қорыта айтқанда, бұл кезеңде грек драматургиясының үш негізгі
74
жанры – трагедия, комедия және сатиралық драма пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: