75
табуы және солардың барлық шығындарын төлеуі тиіс болды.
Сондықтан, шығарманың көрерменге ұнауы көбінше хорегтің
еңбегіне байланысты болған. Сайысқа түскен шығармалардың
баршасы қойылымнан өткен соң, Афинаның әр өлкесінен
сайланған он адамдық сараптамашылар қорытынды шығарып,
театр қатынасушыларына құнды сыйлықтар берген. Бұл сыйлықтар
жеке-жеке тек үш ақын, үш хорег және үш бірінші актерлар
ортасында бөлініп, жеңімпаздың гүл-шеңбері тек бірінші сыйлық
алған адамның басына кигізілген, ал үшінші сыйлық жеңілгендіктiң
белгісі еді» [29,48].
Грек әдебиетінің барша жанрлары сияқты, трагедияның
да сюжеттері негізінен мифологиялық аңыздардан алынған.
Алғашқы кезеңдерде бұл сюжеттер тек Дионис туралы аңыздарға
қатысты болды, кейін ақындар басқа аңыздар жинағынан да
пайдалана бастады. Бірақ сонымен бірге, трагедия шеберлері
сюжет таңдағандарында тек заман талаптарына сай келетін
мифтерді ғана алып, мүмкіндігі болса оларды өңдеп, солардың
жәрдемінде өздері жасап жатқан дәуірдің маңызды мәселелерін
шешуге ұмтылып отырған. Мифологиялық қаһармандардың
күресі мен іс-қимылдары сол дәуірдегі көрермендерге парасат пен
әдептіліктің үлгісі, қоғамдық моральдің биік шыңы болған; міне
осы аңыз қаһармандарының әрекеттері негізінде трагедияшы өз
замандастарын жоғары адамгершілік, отанға адалдық, адамдық
борыш идеяларында тәрбиелеуді мақсат қылған.
Грек театры қазіргі заман театрына мүлдем ұқсамайды.
Алғашында оның көлемі өте үлкен болған. Тамашалар күндіз
ашық аспан астында көрсетілген. Археологтардың зерттеулері
анықтағандай, Афина театрына 17 мың адам сыйған екен. Кейін
40–50 мың орындық театрлар салынған.
Достарыңызбен бөлісу: