181
айқын көрінеді. Халық тұрмысынан алынған тақырып, образ бен
ситуациялар, фолклорлық мотивтер Ж.Боккаччо, Саккетти (Италия),
М.Наваррская, Б.Деперье (Франция) хикаяларында да кездеседі.
Қайта өрлеу дәуірі реализмі дін мен шіркеу аскетизмінен ажыралған
күйдегі фантастикадан да кең пайдаланды. Яғни, оқиға қалай болған
болса, сол күйінде суреттелмей, реал образдар фантастикалық
бояулармен бейнеленді. Халық дәстүрінен, фольклорлық негіздерден
тиімді пайдалану ірі гуманистер шығармашылығының шыңдалуына
жағдай жасады. Роберт Грин драмаларында халық өкілдері басты
қаһармандар ретінде суреттеледі. Шекспир трагедияларында да
кейбір персонаждар арқылы еңбекші халықтың аянышты тұрмысы
баяндалады.
Қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің таптық жағынан шектелгендігі
оның күйзеліске ұшырауын тездетті. Феодалдық-католиктік қудалау
негізінде көп жазушылар революциялық әрекеттен қол үзіп, өзексіз
мәселелермен айналысып, бір топ сараланған адамдар мүддесін
қорғаушыларға айналады. Олардың туындыларындағы ұлттық
мазмұн жойылады, гуманистік мақсат тарылады, антик әдебиет
мұраларына толығымен бой ұру оларды формализмге алып келді.
Мұның барлығы да гуманистік әрекеттің күйзелісін көрсететін
құбылыстар еді.
1-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: