Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет48/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

Данте Алигерьи
(1265-1321)
Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиетін үйрену орта 
ғасырлардағы әдебиеттің соңғы ірі өкілі және Ренессанстың 
алғашқы жаршысы Данте Алигерьидің әдеби мұрасын үйренуден 
басталады. 
Теңіз жағалауында орналасқан және осы дәуірдегі ең алдыңғы 
қатарлы мемлекеттердің бірі болған Италия Шығыс пен Батыс 
арасындағы сауда қатынастарын дамытуда үлкен рөл атқарды. 


185
Сондықтан Италия қалалары тез өсіп, бұрынғы феодалдық қанаудан 
құтыла бастайды. Тәуелсіздікке қол жеткізген қала-мемлекеттерде 
республикалық билік үстемдік етті. Еркін қалалар сауда 
орталықтарына айналды. Бірақ буржуазиялық қатынастар барлық 
қалада бірдей дамыған жоқ. Папаға бағынған кейбір өлкелерде 
феодалдық билік күшті болды және мемлекеттің капиталистік 
бағытта дамуына үлкен кедергіліктер жасады.
Орталықтанған өкіметті орнату үшін күрескен двояндар 
партиясын, яғни гибеллиндерді Герман императоры қолдайды. 
Ал сауда-өнеркәсіп партиясы болған гвельфттер папа билігіне 
бағынатын ұлттық мемлекетті құруға ұмтылады. Папа мен 
император арасындағы қырғи-қабақтық XIII ғасырға келгенде осы 
екі партия ортасындағы саяси қақтығыстарда айқын көрінеді.
Саяси күрес Дантенің Отаны - сауда-өнеркәсіп орталығы болған 
Флоренцияда өрши түсті. XIII ғасырда Флоренция коммуналары 
гвельфтер қолында еді, бірақ оларға гибеллиндердің ықпалы күшті 
болды. Сондықтан олар гвельфтердің басшыларын қаладан қуып 
шығып, өкіметті бірнеше рет өз қолдарына алған болатын. Бірақ 
гвельфтер папаның жәрдемімен дворян-гибеллиндерді мемлекет 
басынан үзілді-кесілді қуып шықты.
Данте Флоренция коммунасы жағында болып, дворяндар 
партиясына қарсы күресті. 1301 жылы ол қала басшысы болып 
сайланды. Ақ гвельфтер қатарында өз қаласын даңққұмар, залым 
папа Бонифаций VIII-нің озбырлығынан азат ету үшін барлық күш-
жігерін жұмсайды. Бірақ, папа партиясы жеңіске жеткен соң, 1302 
жылдың басында Флоренциядан қуылған Данте жоқшылықта өмір 
сүрді. Ол Веронада, Мантуя мен Парижде болады. Өмірінің соңғы 
жылдарын Луки мен Равеннада өткізеді. Жоқшылық Дантенің саяси 
көзқарасына өз әсерін тигізеді. Ол тек император билігі ғана папа 
озбырлығына ойсырата соққы беріп, Италияда бейбітшілік пен 
ынтымақ орната алады деген пікірге келеді.
Данте 1310 жылы Италияға «тәртіп» орнатпақшы болып келген 
герман императоры Генрих VII-ге үлкен үміт артады. Бірақ Генрих 
Флоренцияны бағындырып үлгерместен науқастанып, 1313 жылы 
қайтыс болады. Осылайша, Дантенің Отаны Флоренцияны азат ету 
және оған қайтып оралу арманы орындалмай қалады.
Данте өзінің шығармашылығын лирик ақын ретінде бастады. 
Осы кезеңдерде Флоренцияда Аверроэс және материализмге 


186
жақын рухтағы араб философиясы кең тараған еді. Дантенің жақын 
досы флоренциялық ақын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет