Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет49/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

Гвидо Кавальканти
(1259-1300) араб 
философы Аверроэсты (ибн Рашид) қолдаушылардың бірі болатын. 
Гвидо жанның мәңгілігі туралы діни нанымға сенбейді. Данте де 
қоғам туралы пікірлерін баяндағанда Аверроэс танымына сүйенеді.
XIII ғасырдағы итальян лирикасы мен Данте поэзиясының 
қалыптасуына тек латын әдебиеті ғана емес, сонымен бірге араб 
өлеңінің құрылысы да мол ықпал етті. Шығыс әдебиеті сарындары 
Флоренцияға Сицилия мен Прованс трубадурларының шығармалары 
арқылы жеткен болатын. Данте поэзиясының ең үздік үлгілері оның 
«Жаңа өмір» деп аталған жинағына енген.
«Жаңа өмір» жинағы 
Отыз өлеңнен құралған «Жаңа өмір» жинағы 1283-1291 
жылдары жазылған. Мұнда ақынның сүйіктісі Беатричеге арнаған 
өлеңдері қамтылған. Өлеңдерде ақынның балауса махаббаты, тәтті 
қиялдары Беатриченің мезгілсіз өлімінен соң, оны қоршаған қайғы 
қасіреттерімен араласып кеткен.
Ақын тоғыз жасында өзі қатарлы Беатричені көреді және 
оған ғашық болады. Осыдан тоғыз жыл өткен соң, онымен 
тағы да ұшырасады. Қыздың ашық сөйлесуі ақынның жүрегін 
қобалжытады. Үйге келген соң ақын түс көреді. Осы түстерін өзінің 
бірінші өлеңінде (сонет) баяндайды. Беатриченің образы ақынды 
шығармашылық ізденіске шабыттандырады. «Қызғалдақтай 
құлпырған сұлу Беатричені көрген жан қуанышқа бөленеді, өзін 
бақытты сезінеді, құсалық, зұлымдық одан қашады», дейді ақын. 
Данте Беатричені пәк, қарапайым, адал қыз деп суреттейді.
Өмірбаяндық мазмұндағы «Жаңа өмір» жинағы ғашық болған 
жас жүректің нәзік рухани сезімдерін шебер суреттеуімен назарға 
лайық. Бірақ мұнда орта ғасырлық діни-шіркеу әдебиетіндегі 
видение жанрының элементтері - аллегория мен символика да 
кездесіп отырады. Шығармада жиі кездесетін 9 саны (9 күн, 9 аспан) 
ақын өмірінде болған күрделі оқиғалармен байланысып кетеді.
Бұл жинақта мистика, символика элементтерімен бірге жаңа 
реалистік белгілер де бар. «Жаңа өмірдің басталуы» жайлы ақынның 
салтанатпен жар салуы бұған дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет